You are here

MIT-те "Википедияның" ғылыми пайдасы мойындалды

Printer-friendly versionPDF version

Planetasmi, 21.09.2017

Массачусет технологиялық институтының және Питтсбург университеті зерттеушілерінің көрсетуі бойынша, ғылыми жұмыстардағы ең көп қолданылатын материалдар «Википедия» сайтынан алынатын көрінеді. Зерттеуде көрсетілгендей, ғылыми зерттеушілер және ғалымдар мақала жазар алдында «Википедияны» қолданады. Ғалымдардың пікірінше, бұл ашық энциклопедия тек білімді ғана емес, сонымен қатар ғылымды да дамытуға үлкен үлесін қосады.

Екі түрлі университеттің ғалымдары аспиранттарға «Википедияда» кездеспейтін мәліміметтермен ғылыми мақала жазуға тапсырма берген болатын. Мәліметтердің жартысын энциклопедияда жариялап, ал жартысын  жасырын түрде қалдырады. Бірнеше уақыттан соң «Википиедияға салынған мәліметті мыңнан астам адам қарап, оларды өз жобаларына сілтеме ретінде келтірген, ал википедиядан тыс жарияланған мәліметтер қараусыз қалған.

Көрсеткіштерді қорытындылай келе, мәліметтерді қол жетімді дереккөздерде жариялау - ғылымды насихаттаудың экономикалық тиімді әдісі болып табылатынын көрсетеді.

Анықтама: «Википедия» жинақтау көлемі  және тақырыптық қамтуы бойынша адам тарихындағы ең толық энциклопедия болып саналады.