You are here

ММУ "Дамушы Еуропа және Орталық Азия" QS рейтингісінің көшін бастады

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 14.06.2016

Мәскеу, Жаңасібір және Санкт-Петербург мемлекеттік университеттері "Дамушы Еуропа және Орталық Азия" QS рейтингісінің көшін бастады.

Рейтингтің әдіснамасы жоғары оқу орнының ғылыми мәртебесі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ПОҚ мен студенттерінің арақатынасы, шетел ПОҚ үлесі, ПОҚ жариялымдар белсенділігі, жариялымдардың ғылыми дәйексөзі, интернет-ресурстарының тиімділігі, ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі сияқты критерийлерді қамтиды. 

Жалпы рейтингте Ресейдің 64 ЖОО болды, бұл - рейтингке қатысқан 21 мемлекеттің арасындағы ең үлкен көрсеткіш. 

Рейтингтің топ-100 тізімінде ірі серпін жасаған, 12 қадамға алға басып, 63 орын алған Ұлттық зерттеу технологиялық университеті болды (ҰЗТУ).  

Рейтингтің топ-10 Прагадағы Карлов университеті (Чехия), Тарту университеті (Эстония), Варшава университеті (Польша), Ягеллон университеті (Польша), Прагадағы Чех техникалық университет (Чехия), Босфор университеті (Түркия), Масариков университеті (Чехия) кірді.

Қазақстаннан рейтингке 11 ЖОО қатысты. Ең үздік нәтижені рейтингте 11-орынға ие болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көрсетті. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (33-орын), Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ (49-орын), ҚБТУ (70-орын), М.Әуезов атындағы ОҚМУ (84-орын), ҚазҰАУ (86-орын), Абай атындағы ҚазҰПУ (91-орын) рейтингтің топ-100 кірді.