You are here

Мәскеу мектептері электронды журналдар мен күнделіктерді пайдаланады

Printer-friendly versionPDF version

Агентство Москва, 12 Сентября

Мәскеудің 169 мектебі электронды журналдар мен күнделіктердің жетілдірілген нұсқасын пайдаланады. Бұндай жаңартулар "Мәскеулік электрондық мектеп" кең ауқымды жобасы шеңберінде ұсынылған. Электронды күнделіктерді шамамен 1 млн. мәскеулік, соның ішінде 400 мың оқушы, 550 мың ата-ана және 50 мың мұғалім пайдаланады.

Жаңартылған жүйе ата-аналарға баланың сабаққа қатыспауы туралы онлайн-хабарлама жолдауға мүмкіндік береді. Бұл жүйенің арқасында жаңа оқу жылының басынан ата-аналар баланың сабаққа қатыспауы туралы 850 астам хабарлама жіберді. Сонымен қатар, ата-аналардың себебі көрсетілген, болашақта баланың сабаққа қатыспауы туралы ескертуді алдын-ала жасай алады. Электронды күнделіктер ата-аналарға оқу бағдарламасын және баланың сабақ үлгерімін, сабақ жоспарларын қадағалауға мүмкіндік береді.