You are here

Мәскеуде АКТ-білім туралы жол-сілтеме пайда болды

Printer-friendly versionPDF version

Официальный сайт Москвы, 21.06.2016

Мәскеуде АКТ-білім туралы жол-сілтемені жасады. Астанада ақпараттық технологияларды оқуды мектепке дейнгі жастан-ақ бастауға болады. Ең кішкентайларға арналған математика, информатика және физика сабақтарын 74 білім ордасы өткізеді. Мектеп пен шығармашылық үйлерде математикадан факультативтер кең таралған, бұндай сабақтарды он мекеменің тоғызында табуға болады. Ал физикадан бүлдіршіндерге  он мекеменің тек біреуінде ғана сабақ береді.  

Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту бағыттарының бірі - робототехника, компьютерлік анимация және lego-бағдарламалау. Курстардың 44%-ы балаларға тегін оқытылады.

Білім берудің келесі деңгейінде, мектепте, болашақ астаналық АКТ-мамандар оқытудың бір түрін тандай алады: техникалық ЖОО жадындағы мамандандырылған оқу орнына немесе 95 мектепте ашылған инженерлік сыныпқа түсу, немесе профильді сыныпта оқып, "Жаңа технилогиялар мектебі" жобасына қатысу.

Анықтама үшін: «Жаңа технологиялар мектебі" — астаналық білім саласында инновациялық түрлендіруді қолдау үшін жасалған Мәскеу қаласының Білім департаменті мен Ақпараттық технологиялар департаментінің бірлескен жобасы. Жоба мектептерді технологиялық жаңғырту бойынша бірқатар байқаулардан, білім науқандары мен іс-шаралардан құралады. Жобаның мақсаты - қалалық мектептен заманауи инновациялар орталығын, оқушыларға өз ойларын толық жүзеге асыруға және таланттарын ашуға мүмкіндік беретін зерханасын жасау.  

Инженерлік сыныптарда оқи отырып, балалар бағдарламаға қатысатын ЖОО және жоғары технологиялық кәсіпорындар базасындағы міндетті қосымша элективті курстарға баруы керек. Мәскеуде математикалық, физикалық-математикалық, сонымен қатар ақпараттық-технологиялық арнайы сыныптар көп. Оған түсу үшін оқушыға бірнеше қабылдау сынақтарынан өту керек. 

Астаналық ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білімді 70-тен астам ЖОО-да алуға болады. Бюджеттік орындар саны 60%-дан асады. Мәскеуде 82 мың студент АКТ-мамандықтарын меңгеріп жатыр. 20 мыңнан кем адам 2015ж. бірінші курс студенттері атанды, ал 15 мыңнан астамы осы жылы диплом алады. АКТ саласындағы мамандар Мәскеуде жоғары сұранысқа ие, олардың жалақы мөлшері астана бойынша орташа жалақыдан жоғары. 2016ж. бірінші тоқсанында-ақ ашық бос орындардың саны 18%-ға өсті.