You are here

Мәскеуде балабақшаларды тұрғын үйлерде ашуға рұқсат беріледі

Printer-friendly versionPDF version

Москва 24, 25.08.2016

Мәскеуде балабақшаларды тұрғын үйлерде ашуға рұқсат беріледі. Ресей Құрылыс министрлігі "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ғимараттары. Жобалау ережелері" атты ережелер жиынтығын бекітті.

Құрылысы тығыз аудандарда бөлек тұратын балабақша салу әрдайым мүмкін бола бермейді. Сол мезетте кіріктірілген-жалғастыра салынған балабақшалар мектепке дейінгі мекемелерге кезек мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 

Ережелерді әзірлей отырып, мамандар қолданыстағы техникалық регламенттердің, құрылысты жобалаудың және өрт қауіпсіздігінің нормаларын жалпылады. Сонымен қатар, құжатқа телімдерге, ғимараттарға және үй-жайларға қойылатын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитарлық-эпидемиологиялық ережелер де кірді.

Балабақшалардың энергия тиімділігіне қойылатын талаптар да енген жаңалықтардың бірі болды. Жылу мен энергияның табиғи қайнар көздерін пайдалынатын инженерлік құрал-жабдықтардың арқасында энергия ресурстарын тұтыну айтарлықтай қысқарады және қауіпсіздік жоғарылайды.