You are here

Мәскеуде балаларға арналған технопарк ашылды

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 29.09.2016

Мәскеуде «Кванториум» балаларға арналған екінші балалар технопаркі ашылды. Тұңғышы «Мосгормаш» технопаркінле ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылды. «Кванториум» робототехника, авиация, өнеркәсіп дизайны, нанотехнологиялар бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады. Оқудан 1,2 мың бала өтеді. Оқу бағдарламаларын оқытушылар және жетекші заманауи өнеркәсіптік компаниялар әзірледі, олар жасөспірімдерді оқытады, жаңа жобаларды әзірлейді және балаларды астананың шынайы өндірісіндегі жұмысқа дайындайды. Балалар 13-тен 17 жасқа дейінгі 10-15 адамнан тұратын топтарда оқиды. Балалар технопаркі оқу сыныптарын, хайтек-цехті (тәжірибелік сабақтарға арналған жабдықталған шеберханалар) және квантопаркті (лекторий), ойын алаңын және қарым-қатынас жасау алаңын қамтиды. Қосымша сабақтар - экскурсиялар, мастер-класстар, лекциялар, іскерлік ойындар аясында - жаңа паркте оқытудан жылына 3 мыңнан астам жастар өте алады.

«Кванториум» Стратегиялық бастамалар агенттігінің (СБА) "Балаларға арналған қосымша білім беру жүйесінің жаңа моделі" бағдарламасы шеңберінде құрылды, ол Ресейдің бірқатар өңірлерінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бұндай технопарктер Мәскеуде, Набережные Челныда, Нефтеюганскте және Ханты-Мансийскте бар.