You are here

Мәскеуде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру порталы іске қосылды

Printer-friendly versionPDF version

Российская газета, 14.01.2016

Мәскеу Білім департаменті оқушыларға кәсіптік бағдар беру үшін profsreda.com жаңа сайтты іске қосты. Интернет-ресурс 7-11 сынып оқушыларына арналған. Сайтта 40 минутты алатын тестілеуден өтуге болады. Сонымен қатар, психологтардың кеңестері де қолжетімді. Олар онлайн-режимде іске асырылады.  

Сайтта кәсіптік бағдарға арналған іс-шаралар жарияланатын оқиғалар күнтізбесі бар. Мамыр айында оқушыларға арналған мобильдік қосымша шығады. 

«Кәсіптік орта» жобасы 3 жылдан артық уақыт жұмыс жасап келеді.  Бұл уақытта мәскеулік оқушыларға кәсіптік бағдарға арналған 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Дәл осындай бір іс-шарада балалар "ақ жағаларын" арнайы киімге алмастырып, кәсіпорындар мен колледждерге барды. Ағымдағы оқу жылында 5 мыңнан астам оқушы 37 колледж сабақтарына қатысты.