You are here

Мәскеуде мектепке дейінгі балаларға арналған бағдарламалау курстары іске қосылды

Printer-friendly versionPDF version

Rusbase, 06.06.2016

Мәскеу CODDY бағдарламалау мектебінде бес жастан асқан балаларға арналған веб-дизайн негіздері бойынша курстар басталды. Бағдарлама үш сағаттан тұратын төрт сабақтан құралады. Жұмыс модульдік оқыту жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Ең алдымен балалар "Дизайн-ойлау" бағдарламасына жазылады. Осы курстан кейін баланың қайда: веб-дизайнға ма, музыкалық бағдарламалауға ма, ойын немесе қосымшаларды әзірлеуге ме барғаны дұрыс болатыны анықталады

Оқыту курсының соңында бала дайын нәтиже: сайт, ойын немесе телефонға арналған қосымша алады. Сонымен қатар, мектеп мәскеулік ірі IT-компаниялардың кеңселерінде тегін экскурсиялар ұйымдастырады, бұнда балалар мамандар жұмыс жасайтын компьютерлер мен бөлмелерде жұмыс жасай алады.