You are here

Мәскеуде «YouTube кибербуллингке қарсы» жобасының тұсауы кесілді

Printer-friendly versionPDF version

lenta.ru, 27.03.2017

Мәскеуде «YouTube кибербуллингке қарсы» жобасының тұсауы кесілді, бұнда танымал блогерлер желіде балаларды басқындау және қудалауға қарсы күрес туралы айтып берді.

YouTube өкілдерінің айтуынша, желідегі сихологиялық қысым — заманауи жасөспірімдер үшін өзекті мәселелердің бірі. Ғаламторда Ресейдің барлық балаларының 23%-ы қудаланады. Сонымен қатар, әрбір оныншы жас ресейлік ай сайын қудалаушылардан зардап шегеді, ал әрбір төртінші ресейлік қатарласын өзі балағаттады және кемсітті.

Кейде желілік кемсітушілік шынайы трагедияларға немесе дене жарақаттарымен қақтығыстарға ұласады. Солай бола тұра, жасөспірімнің қатаймаған психикасы қатты зардап шегеді.

Бұнымен Ресейдің көшбасшы блогерлері де келісті – Марьяна Ро (4,7 млн. жазылушы), Лера Любарская (980 мың жазылушы), Катя Клэп (5,4 млн. жазылушы). Қыздар кибербуллингтегі майталман сарапшылар болып саналады, өйткені үлкен аудиториямен қарым-қатынас жасайды және өздерінің тәжірибесінен троллингтің не екенін біледі. Блогерлердің айтуынша, әрбір заманауи бала желідегі келеңсіз пікірге дұрыс жауап бере алуы керек. Кибербуллингтен ең жақсы дәрі — отбасымен көбірек уақыт өткізе отырып, дерексіздену және елемеу.