You are here

Мәскеулік мектептер білім беру кешендерін енгізіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Aif.ru, 03.11.2016

Мәскеудің жалпы білім беретін мектептерінде "мектептік сатылар" деп аталатын білім беру кешендері әйгілі бола бастады. "Мектептік сатылар" шеңберінде мектептер бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына бөлек ғимараттар бөледі.

Бұл мектептердің директорлары "мектептік сатылардың" артықшылықтары туралы оң пікір білдірді. Оқу процесін осындай қылып ұйымдастыру инфрақұрылымды білім берудің әртүрлі деңгейлерінің қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Бастауыш мектептің ғимараттары 1-4 сынып оқушыларына ойын кеңістігі және т.б. қажет екенін ескерумен жабдықталады.

«Сатылар мектебі» мұғалімдерге күшін төрт немесе одан көп сыныпқа емес, бір-екі сыныпта сабақ беруге жұмылдыруға мүмкіндік береді (мысалы, 5-6-сыныптарға). Бұл мұғалімдерге сабаққа дайындалу уақытын қысқартады және өз пәнін анағұрлым терең зерттеуге мүмкіндік береді. Тағы бір модельді - "факультеттер мектебін" де енгізу жоспарланды, бұнда білім берудің әртүрлі бағыттағы оқушылар үшін жеклеген орта құрылады (мысалы, гуманитарлық немесе техникалық бағыт).