You are here

Мәскеулік оқушылар PISA тапсырмаларын "Менің жетістіктерім" атты онлайн-сервистің көмегімен шеше алатын болады

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 03.10.2016

Мәскеулік оқушылар "Менің жетістіктерім" жаңа онлайн-сервисте әртүрлі пәндер бойынша өз білімдерін өздері тексере алады. 

Мәскеу білім сапасы орталығының (МБСО) директоры Павел Кузьминнің айтуынша, әртүрлі жалпы білім беретін пәндер бойынша өз білімін бағалауға болады. Жаңа сервис пәндік және метапәндік тексеру жұмыстарын, сонымен қатар халықаралық зерттеулерден алынған тапсырмаларды қамтиды.

Халықаралық зерттеулер дегеніміз PISA зерттеуінен алынған тапсырмалар. "Менің жетістіктерім" сервисі үшін ЭЫДҰ PISA-ның алдыңғы кезеңдерінен алынған ашық тапсырмалар қорын арнайы ұсынды.

Кейінірек жүйе барлық сыныптар үшін барлық пәндер бойынша тапсырмалармен толықтырылады, оқушыларға арналған тақырыптық тапсырмалар (жартыжылдық және жылдық тексеру жұмыстарынан басқа) әзірленеді, халықаралық үлгідегі тапсырмалар саны көбейтіледі, әкімшілік бақылау жұмыстарына арналған тапсырмалардың жабық қоры құрылды, медициналық, инженерлік және кадет сыныптары шеңберінде диагностика пайда болады.

А.ж. желтоқсанда денсаулығының шектеулі мүмкіндіктерімен (ДШМ) балаларға арналған тапсырмалардың нұсқаларын құру жоспарланды.

Сервис МБСО әзірлейтін диагностиканың жаңа форматтарының бірі болды.

Сервиске әлеуметтік желілер арқылы тіркеліп, "Менің жетістіктерім" арнайы мобильдік қосымша көмегімен пайдалануға болады. Сервис ашық және қысқа жауапты таңдау, тыңдалым форматын пайдалану, диктант жазу және баяндау мүмкіндігін қарастырады. Ашық жауабы бар тапсырмаларды фотоға түсіріп немесе сканерлеп, QR-код көмегімен мобильдік қосымша арқылы жүйеге жүктеп алуға болады. Сурет қатысушының жұмысымен автоматты түрде байланыстырылады.

Автоматты түрде тексерілетін тапсырмалардың нәтижелері тестілеуді аяқтағаннан кейін, ал сарапшылардың тексеруін талап ететіндер үш күннің ішінде қолжетімді болады. Өз кезегінде, оқушы тек өз нәтижесін көрумен қатар, қандай тақырыптар бойынша қиналатыны туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, онлайн режимде мамандарға өз жұмысына қатысты сұрақтар қоя алады. Оқушыларға пәндік комиссияларда және диагностика жүйелерін әзірлеуде жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар жауап береді.

Сервистің үзіліс жасау туралы автоматты еске салу функциясы бар. Тапсырмаларды орындау барысында уақыт қадағаланады. СанПин нормаларына сәйкес аралықтар есептеледі: 3-4 сынып оқушыларына - 25 мин. артық емес, 5-7 сынып оқушыларына - 30 мин. артық емес, 8-11 сынып оқушыларына - 35 мин.