You are here

Мұғалімдер саладан қайда кетіп барады?

Printer-friendly versionPDF version

The Washington Post, 18.09.2017

hawaii.edu, 18.09.2017

Guardian, 12.09.2017

Әлемде ұстаздардың жетіспеуі өзекті мәселелердің бірі. Бейкоммерциялық Саясатты зерттеу Институтының (Learning Policy Institute) есептемесі бойынша, АҚШ-та 2009-2014 жыл аралығында педагогикалық мамандыққа деген сұраныс 35%-ға төмендеген болатын, яғни 691 мыңнан 451 мыңға азайған. Жыл сайын педагогикалық мамандық иелерінің шамамен 8%-ы өз істерінен бас тартады. Ал қалған көпшілігі зейентке шыққан адамдар.

АҚШ 31 штатының баяндауы бойынша, 82 мың бағдар біліксіз ұстаздарға толы, ал қалған 5 мыңы бос орын. Инситуттың бағалауы бойынша елде шамамен 110 мың мұғалім өз стандарт сертификацияларына сәкес келмейді екен.

Ұстаздардың өз мамандықтарынан кетуінің негізгі себептерінің бірі - зейнеткерлік жас, толық дайындықтың жетіспеуі, тәлімгерлердің жоқтығы, үлкен жауапкершілік және төмен жалақы.

АҚШ-та ұстаздардың жетіспеуіне орай, осы мәселені жоюға шешім қабылдауда. Маноа Гавай университетінде педагогикалық мамандыққа түскісі келетін талапкерлерді қолдау мақсатында $600 мың ақша бөлінген. Шетел тілін, математика және жаратылыстану пәндерін   оқытатын мұғалімдерді көбейту мақсатында «Жеке кадрларды дайындаймыз» («Grow Our Own») атты арнайы бастамасы қолданған болатын. Бұл бағдарламаны Гавай штатындағы Білім беру Департаменті қолдап отыр. 

Англия елінде жаңа педагогтардың келуі зейнетке шыққандардың санымен сәйкес келмейді. Басты проблемалардың бірі педагогтарға деген сұраныстың және ұсыныстың аз болуы. 2016-2017жж. аралығында кәсіптік даму және кадрларды сақтауға £35,7 млн жұмсалған болатын. Сонымен қатар 2013-2014жж. аралығында жас педагогтарды қаржыландыруға £555 млн бөлінген.

Алдыңғы жылы осы саладан 34,9 мың педагог зейнетке шыққан. Осыған орай, педагогтардың саны 4,9%-ға төмендеген болатын (10 мың педагог ретімен). Мектеп директорларының 85%-ы көрсеткендей, білікті кадрларды қолдауға үкіметтің демеуі жетіспейді. Педагогтардың  67%-ның пайымдауы бойынша, олардың өз істерінен бас тартуының бірі – жұмысқа деген үлкен салмақтық.

Англия мектептерінде бос орындардың тек жартысы ғана өз білімдеріне сәйкес келетін, тәжірибелі педагогтарға толтырылған. Әрбір 10-шы бос орын мамансыз қалуда. Қазіргі уақытта педагогтарды кәсіби қолдауға £75 млн фонд бекітілген, өйткені педагогтарды сақтау ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  Сондай-ақ, осы мәселені шешуге және өзге де кәсіптерді сақтауға Ofsted-пен жұмыс жүргізілуде.