You are here

Мұғалімдер жұмысын ынталандыру үшін әлсіз мектептерде еңбекақыны жоғарылату және көбірек бос уақыт беру керек

Printer-friendly versionPDF version

ТES, 9.03.2016

Жалақыны көтеру және көбірек бос уақыт беру нашар мектептегі жұмысқа педкадрларды тартудың негізгі түрткісі болады. Білім беру саласында зерттеудің ұлттық қоры (National Foundation for Education Research) Англияның 1 430 мұғалімі арасында өткізген жаңа зерттеудің нәтижесі осындай болды. 

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бір бөлігі мектептер тәжірибелі мұғалімдерді жалақыны көтеру, ал екінші бөлігі сағат санын азайту арқылы жұмысқа тарта алады деп санайды. Респонденттердің 60%-нан астамы оқушылардың сабақ үлгерімін жоғарылату үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу керек деп санайды. 

Тәжірибелі мұғалімдер әлсіз мектептерде жұмыс істейтіні екіталай. Кэмбридж Университетінің ғалымдары Англияның үздік мектептердің 20%-ында мұғалімдерінің тәжірибесі, нашар нәтижелер көрсететін мектептерге қарағанда, 1-1,5 жылға артық болатынын анықтады.

2,5 мың мұғалім арасында өткізілген тағы бір зерттеу нашар мектептердің мұғалімдері бірнеше пәннен сабақ беретінің көрсетті. TALIS-2013 мәліметтерінің талдауы ең нашар мектептер мұғалімдерінің шамамен 25%-ы үш және одан да көп пәннен сабақ беретінін көрсетті. Салыстыру үшін, үздік мектептер мұғалімдерінің 13%-ы ғана бір уақытта бірнеше пәннен сабақ береді екен.