You are here

Мұғалімдердің өз жұмысына қанағаттануына не ықпал етеді?

Printer-friendly versionPDF version

Институт образования ВШЭ, 12.09.2017

ЭЖМ ҰЗУ мұғалімдердің өз жұмысына қанағаттануы туралы зерттеудің нәтижелерін жариялады. Мұғалімдердің сауалнамасы білім экономикасына мониторинг жүргізу бағдарламасының шеңберінде 2016ж. күзде өткізілді. Барлығы 143 мектептен 2014 мұғалім қатысты.

Зерттеудің нәтижелері мектептегі жұмысына көңілі толатын мұғалімдердің үлесі 2015ж. салыстырғанда шамамен екі есе кемігенін көрсетті (сәйкесінше 42% және 22%). 2016ж. сауалнамадағы мән 2012 жылдан кейінгі мерзімде ең төмен болды. 

Оқудан тыс жоғары жүктеме, соның ішінде көп көлемді құжатнама мен есептілік (жауап берген мұғалімдердің 45%)  қанағаттанбау себептерінің ішінде бірінші орында, ал еңбекақы екінші орында (34%) тұр. 

Сонымен қатар, мұғалімдер нашар әлеуметтік қамтамасыз ету (25%), оқушылардың нашар контингенті (20%), мектептің, соның ішінде кітапханалардың, компьютерлердің, зертханалық құрал-жабдықтардың (16%) нашар ресурстық және техникалық базасын да атады.

Мектептегі жұмысына қанағаттану мұғалімнің жасына байланысты: жас мұғалімдер және орта жастағы мұғалімдер жұмыстарына анағұрлым жиі "қанағаттанамын", егде жас тобындағы мұғалімдер "қанағаттанбаймын" деп жауап береді. Қоғамдық пән мұғалімдері өз жұмысына анағұрлым басым қанағаттанды (35%), математика және информатика пәндерінің мұғалімдері аз қанағаттанады (18%).

Бұл кезекте, аз үлесі басқа жұмысқа ауысқысы келсе, мұғалімдердің 76%-ы осы жұмыстан кеткім келмейді деп жауап берді. Жұмыс орнын өзгерткісі келетіндердің басым бөлігі ол үшін ешқандай іс-әрекет жасамайды: 8% оны әлі жасамады, 5% бұдан бірнәрсе шығады деп санамайды. Мұғалімдердің шамамен 2% ғана басқа жұмыс орнын іздеп жатырмын деп жауап берді.