You are here

Мұғалімнің тиімділігін қалай өлшеуге болады?

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 07.11.2016

Педагогикалық ЖОО түлектерінің кәсіптік жарамдылығы туралы Білімнің сапасын бағалау еуразиялық қауымдастығының Президенті Виктор Болотов айтты.

Болотовтың пікірінше, педагогикалық мамандықтың түлегінің ЖОО-дан шығарда бейінді пәнді білуін, зерттеу қызметімен айналысу қабілеті ғана тексеріледі. Кәсіптік құзыреттерді және балалармен жұмыс істеу қабілеті тексерілмейді. 

Болотов педагогикалық ЖОО түлегі элиталы гимназияға баратын болса, болашақ мұғалімнің дарынды және ынталандырылған балалармен жұмыс істей алу қабілетін, ал күрделі шағын аудандағы мектепке жұмыс істеуге баратын жас мұғалімнің әумесерлік мінез-құлықтың алдын алу қабілетін тексеруді ұсынады.

Мұғалім жұмысының сапасы туралы қосарлы білім бойынша пікір айту керек: егер балалар пән бойынша бір деңгейде болып, мұғаліммен жұмыс істегеннен кейін екінші деңгейге шықса, онда ол – жақсы мұғалім. Ол үшін мектептің ішінде тәуелсіз бағалау жүйесі – мониторинг пен оқу үлгерімін тексеру керек.

Болотов жоғары мектеп мұғалімдерін мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың (МҚА) және БМЕ қорытындылары бойынша бағалауға қарсы пікір білдірді. Емтихандар белгілі бір ақпаратты береді, бірақ әлеуметтік-мәдени мән-мәтінді, соның ішінде отбасыдағы балалар санын, ата-аналардың жоғары білімінің болуын ескерген жөн. Білімдік парадигмадан мұғалімнің шынайы тиімділігін бағалауға кезең-кезеңмен өту керек.