You are here

Неміс ЖОО-лары кедергілерді қалай жойып жатыр?

Printer-friendly versionPDF version

Deutsche Welle, 19.09.2017

Инклюзия – қазіргі уақыттағы Германия елінің ЖОО-лары ұстанатын қағидат. Мысалы, Дортмунд университетінің әр жерінде пандустар, арнайы дәретханалар, көрсеткіштер мен дыбысты информаторлар орнатылған. Барлық есіктер арнайы батырманы басу арқылы автоматты түде ашылады.

Дәрісханалардағы есім тақташалары арнайы Брайля қарпімен жазылған, ал дәріс залдарында мүгедектерге арналған арнайы орындықтар орналастырылған. Нашар көретіндер үшін мәтінді Брайля принтерінде басып шығаруға болады, сондай-ақ, ым тілін аударатын арнайы қызметкерлер де бар.

Дортмунд университетіне осындай кедергісіз ортаға келу үшін 40 жыл жұмсаған. Осы уақытқа дейін инклюзивті білім берумен Мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдау орталығы айналысқан болатын.

Кедергісіз ортаға келудің тағы бір мысалы – Дюссельдорф университетін айтуға болады. Бүгінде аталмыш ЖОО-да 500-ден астам писхологиялық және физикалық шектеулігі бар студенттер білім алады. Консультациялық қызмет орталығының қызметкерлері Аспергер синдромына шалдыққан балаларға басқа білім алушылармен тіл табыс алу үшін түрлі шаралар қолдануда. Сонымен қатар, ЖОО арнайы мобильды қосымша ойлап таппақшы, бұл құрылғы мүмкіндігі шектеулі студенттерге университет қабырғасында еркін жолды тауып, орын ауыстыруға көмектесетін болады.