You are here

Нью-Йорк кіріс деңгейі орташа отбасылардан шыққан студенттерге арналған тегін жоғары білімді ұсынады

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 10.01.2017

Нью-Йорк штаты табысы жылына $125 мың немесе одан да кем болған отбасылардан шыққан студенттерді тегін жоғары біліммен қамтамасыз етуді жоспарлап жатыр. 

Студенттер Нью-Йорктың мемлекеттік университеті (State University of New York) және Нью-Йорктың қалалық университеті (City University of New York) сияқты мемлекеттік ЖОО-да тегін білім ала алады. Өз кезегінде тегін білім беру бастамасы біржылдық оқу ақысы $50 мыңды құрайтын көшбасшы жекеменшік университеттерге қатысты болмайды. Сонымен бірге, бұл бастама тұру, тамақтану және басқа да шығыстарды өтемейді.

Бұл жоспардың бастамашылары - штаттың губернаторы Эндрю Куомо және Вермонт штатының сенаторы Берни Сандерс.

Губернатор Куомо Нью-Йорк штатындағы барлық жұмыс орындарының 70%-ы жоғары білімнің болғанын талап ететінін атап өтті.

Берни Сандерс, өз кезегінде, жоғары білімі бар түлектердің үлесін арттырғысы келеді, бұл АҚШ-қа бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік береді. 

Оның пікірінше, бұл Нью-Йорк штатының бастамасы бүкіл елге таратылғанда мүмкін болады.