You are here

Нью-Йоркте 2021 жылға қарай үш жастағы барлық балаларды тегін мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етеді

Printer-friendly versionPDF version

US News, 24.04.2017

Нью-Йоркте 2021ж. қарай отбасының кірісіне қарамастан, 3 жастағы барлық балаларды мектепке дейінгі біліммен тегін қамту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта АҚШ-тың басым штаттарында мектепке дейінгі білім 4 жастағы балаларға ғана қолжетімді және мектепке дейінгі білім штаттардың жартысында ғана 3 жастағы балаларға  қолжетімді. 

2018ж. күзге қарай Нью-Йорк маңындағы Оңтүстік Бронкс пен Браунсвиллде барлық үш жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2020ж. күзге қарай алты аймақта мектепке дейінгі білімнің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2021ж. 3 жастағы балаларды тегін мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету шығыстары $177 млн. құрайды.

Тегін мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету отбасылардың $10 мың қаржысын үнемдейді. Сонымен бірге, отбасылардың 1/4 бөлігі орташа есеппен жұмысына 4 артық сағатын жұмсап, отбасының кірісін $2 400 арттыра алады.