You are here

Нью-Йоркте үш жасқа дейінгі барша балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жөнінде бағдарламаны іске қосып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

US News, 07.09.2017

Нью-Йоркте 3 жастағы барша балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «3-K for All» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты - 3 жастағы балаларға арналған тегін мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттыру. Қазіргі уақытта осы жас тобындағы балалар мектепке дейінгі білім беру жүйесінен жиі шегеріледі. 

1990-шы жылдардың ортасында  штаттар деңгейінде қаржыландырылатын мектепке дейінгі бағдарламалардың қолжетімділігі әртүрлі штаттарда арттырылды. Дегенмен, олардың көбісі 4 жастағы балаларға шоғырланды. Осылайша, 43 штаттың 15-інде бағдарламалар тек 4 жастағы балаларды ғана қамтыды. 28-інде - 3 жастағы балалар қосылды, алайда, олардың тек аз бөлігі ғана қамтылды. Нәтижесінде, әрбір үшінші 4 жастағы бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Осы кезекте, 3 жастағы балалардың тек 5%-ы ғана балабақшаларға барады (әрбір 20 бала).

АҚШ-та соңғы уақытта сәби және ерте жастағы балаларға көбірек назар аударыла бастады және білікті күтімнің тиісті бағдарламалары дами бастады. Бұл кезекте, осы бағдарламалардың көбісі 3 жастағы балаларды қамтымайды, алшақтықты тудырады, өйткені 3 жастағы балалар мектепалды дайындық бағдарламаларына әлі де қатыса алмайды. 

«3-K for All» бағдарламасын енгізгеннен кейін Нью-Йорк Вашингтоннан кейін екінші мемлекеттік юрисдикцияға айналады, бұнда мектепке дейінгі білім барша 3 жастағы балаларға қолжетімді болады.