You are here

Ofsted мұғалімдердің азаюы туралы ескертеді

Printer-friendly versionPDF version

ВВС, 26.02.2016

Ofsted мәліметі бойынша, жоғары жалақы мен әлеуметтік қолдаумен тартылған Ұлыбританияның мыңдаған мұғалімі өз педагогикалық қызметтерін шетелде жалғастырып келеді.

Анықтама үшін: Ofsted, The Office for Standards in Education, Children's Services and Skills аббревиатурасы – Ұлыбританияның білім беру және бала тәрбиесі стандарттарын басқару.

Өткен жылы шамамен 18 мың мұғалім шетелде білім беру үшін елден кетті. Бұл көрсеткіш магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша даярланған педагог санынан 1 мың бірлікке артық.

Ofsted басшасы Майкла Вилшоу айтуы бойынша, Ұлыбританияда білім алған мұғалімдер халықаралық мектептерде танымал. Әлемде оқыту тілі ағылшын тілі болып табылатын 8 мың халықаралық мектеп бар. Бұдан басқа, мектептердің көбі ағылшын оқыту бағдарламасын тандайды. 

Ұлыбританияда оқытылған мұғалімдерге сұраныс тек өсе береді.  Өйткені, 2025ж. болжам бойынша халықаралық мектептер саны 15 мыңға дейін өседі. 

Еңбек нарығындағы бәсекелестік мәселесіне қарамастан, білімі жоғары мұғалімдердің үлесі жалпы алғанда өсті. Мұғалім мамандығының беделін жоғарылату үшін Teach First және National Teaching Service бағдарламалары іске қосылды. Мектептерге ең талантты педагогтарды тарту үшін қызметкерлердің жалақысын бекіту құқығы берілді. 

Мектептер мен колледждер басшыларының ассоциациясының саясат бөлімінің директоры Круддас мамандықтың беделін жоғарылату үшін бұл жеткіліксіз деп есептейді. Үкімет студенттер мектепте жұмыс істей бастаған кезде, мемлекеттік жүйеде жұмыс істеуді жалғастырады деген шартпен қарыздарын есептен шығару керек. 

Мұғалімдердің Ұлттық Ұйымының бас хатшысы Блоуэр мұғалімдер жұмыстан кетуді жалғастыра береді деп санайды. Бұған олардың жалақы жүйесінің жұмыс сапасының көрсеткішіне тәуелді болуы себеп болып отыр. Бұдан басқа, мұғалімдердің оқу жүктемесі оларға бос уақытты мүлдем қалдырмайды.