You are here

Оқушылар мектептен түлек етілгеннен кейін олардың дағдыларына не болады

Printer-friendly versionPDF version

Education and Skills Today, 31.08.2017

Мектептен еңбек нарығына өту жастардың өміріндегі ең маңызды өзгерістердің бірі болып табылады. Көпшілігі ол ойдағыдай өтпейді. Ұзақмерзімді жұмыссыздыққа, жалақысы төмен немесе уақытша шарттарға және дербес өмірдің басталуына қатысты белгісіздікке байланысты қамтылу кепілдігінің болмауы жастардың өмірінде күрделі кезеңді тудырады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін NEET санат деп аталатын жастар ең осал болып табылады. ЭЫДҰ елдеріндегі 15-19 жасарлардың 6% (5 млн) немесе мектепті тастағандардың жартысы –NEET.

Деректер толық орта білім алмаған 20-24 жасар NEET-тердің үлесі (36%) білім алудың осы деңгейіне жете алмаған 20-24 жастағы қамтылғандардың (18%) үлесінен екі есе артық екенін көрсетеді.

Бірақ, білім алу деңгейі – бұл бір мәселе, ал нақты дағдылар – басқа мәселе. 16-19 жасарлардың дағдылары бойынша айырмашылық шамамен білім алудың 2,5 жылына тең.

Жоғары деңгейлі дағдылары бар жастар оқуын жалғастырады, ал төмен деңгейлілер толық орта білімді алмайды. Сондықтан, төмен деңгейлі дағдылары бар оқушылар мектепті тек негізгі дағдыларды алғаннан кейін ғана қалдыруы тиіс.

Мемлекеттік органдар білім мен дағдылардың қажетті көлемін алмай мектепті ерте қалдыру елеулі әлеуметтік шығыстарға әкеп соғатынын түсінуі тиіс. Жастарды оқудан еңбек нарығына  өту кезінде қолдау жұмыссыздық тәуекелін төмендетеді және жастарды әлеуметтік қамсыздандыру қажеттілігінен босатады.