You are here
Өнер шығармашылық тапсырмалар балалардың математикалық білім деңгейін жоғарылатады


The Washington Post, 22.02.2016
Педагогикалық процеске шығармашылық тапсырмаларды енгізу балалардың математикалық білімдерін жаөсартады. Вольф Трап институтының зерттеушілері (The Wolf Trap Institute) мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиелеушілерінің өнер мұғалімдерімен бірлесіп математиканы оқытудың бағдарламасын әзірледі.
Зерттеу 18 мектепке дейінгі білім беру мекемесін қамтыды. Бағдарлама апробациясы соның 10-ында іске асырылды. Ал 8-інде математиканы дәстүрлі әдіспен оқытты.
Мекемедегі әр топтағы 8 баланың математикалық білімі тексерілді.
Мәліметтер бұл бағдарламамен қамтылған балалар, құрдастармен салыстырғанда, математикалық ақпаратты 30%-ға тезірек меңгеретінін куәландырады.
Өнердің дәстүрлі пәндерге интеграциясы оқытудың қызық формасы болып табылады. Вирджиния (АҚШ) білім беру мекемелерінің педагогтары академиялық пәндерді оқыту әдістеріне хореография, театр және бейнелеу өнерін қолданады.