You are here

Онлайн білім алатын ресейліктердің саны екі есе артты

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 12.01.2017

Ресейде Coursera, Ашық білім және Лекториум атты ресейлік онлайн-білім нарығындағы ең ірі компаниялар бірлескен талдамалы баяндаманы жариялады. 2016ж. отандық және шетелдік платформалардаға білім беру онлайн-курстарға қатысқан ресейліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе артып, 1 млн. адамға дейін жетті. Бұл 2015 жылдан екі есе көп. Онлайн білім алушылардың негізгі бөлігін жоғары білімі бар адамдар құрады.

Есептің авторлары ресейліктердің білімдік қызығушылықтары аумаққа қатысты үлестірілетінін көрсетті. Орталық Ресейдің тұрғындары IT-бағытты, машинаға оқыту, бизнес, өнерді, ал Сібір және Орал тұрғындары астрономия, маркетинг, мәдениет аралық коммуникацияны жиі таңдайтын.

2017ж. сарапшылар ашық курстардың ары қарай өсуіне болжам жасайды, ал бұл болса, онлайн-білім нарығындағы кадрлық мол аштыққа әкелуі мүмкін.