You are here

Онлайн-білімнің Ресейдегі болашағы: өсім мен абай инвестициялар

Printer-friendly versionPDF version

Forbes, 20.04.2017

Білімнің әлемдік нарығының көлемі $4,5–5,0 трлн. құрайды Алдағы жылдарда ол $6–7 трлн. дейін тұрақты артады. Онлайн білімнің жалпы көрсеткіштердегі үлесі  шамамен 3%-ды құрайды ($165 млрд.). Тұрақты өсімнің арқасында 2023ж. қарай индустрияның сандық бөлігі жылына 5%-дан астам үлесті қоса отырып, $240 млрд.-тан асуы мүмкін.

АҚШ EdTech, нарығында көшбасшы болып отыр, бірақ бұл нарық өсімінің қарқыны штаттарда бәсеңдей бастады. Көлемі бойынша екінші орындағы өңір - Оңтүстік Шығыс Азия. Бірінші орында - Қытай және Үндістан. Онда онлайн білім нарығының өсімі жылына 17%-ды құрайды. Шығыс Еуропа нарығының драйвері —  17–25% орташа жылдық өсімі бар Ресей.

Ресей білім нарығының жалпы көлемі өткен жылы $31 млрд. құрады, онлайн білімге 1,1% үлес ($354 млн.) тиесілі болды. 2021ж. қарай сарапшылар онлайн білім нарығының едәуір өсімін күтеді, оның жалпы нарықтағы үлесі қазірдің өзінде-ақ 2,6% ($912 млн.) құрайды.

Сарапшылар Ресейде 2014ж. бері EdTech саласында небәрі 66 инвестициялық келісім ғана жасалғанын мойындайды, олардың арасында  $1 млн. асқан бірнешеуі ғана болды. Бұл кезекте, мемлекеттік инвестициялары басым болды. Осылайша, Ғаламтор бастамаларын дамыту қоры осындай жобаларға шағын қаражат салды, дегенмен, тіркелген келісімдердің шамамен 40%-ын қамтамасыз етті. Шетелдік инвесторлар ресейлік нарықта әлі де аз. Олардың қатысуымен небәрі алты келісім ғана жасалды.

Сарапшылардың айтуынша, сандық білімнің енуінің арқасында соңғы бес жылда 28%-ды құраған жылдық өсімнің жиынтық қарқынын ескерсек, білім беру технологияларының жаһандық нарығының ірі инвестициялық әлеуеті бар. Ресейдегі жағдай әлемдік нарықтағы жағдай іспеттес: ірі офлайн сектор онлайнға жылдам өтіп жатыр. 

Бұл кезекте, инвесторлар білім беру технологиялары саласында ірі компанияларды жетілдіру нарықтың бір сегменті шеңберінде күрделі екенін мойындайды. Негізгі кедергі өте консервативті ойлайтын оқытушылар мен студенттердің менталитетінде жатыр. Инновациялар білім беру ұйымдарына қиын енеді. Көптеген мектеп директорлары әлі күнге дейін қағаз сынып журналдарын пайдаланады. Сарапшылар «оқу процесіне қатысушылардың әлсіз IT-сауаттылығын, құрал-жабдықтар қымбат болғанымен түсіндірілетін олардың жетіспеушілігін, сонымен қатар әлсіз байланыс арналарын» Ресейде сандық білімді белсенді дамыту жолындағы тағы бір кедергісі деп атайды. Ресей білім беру жүйесі тым орталықтандырылған және негізінен мемлекеттік болып отыр.