You are here

Оңтүстік Корея әлемнің ең инновациялық мемлекеттері рейтингінің көшін бастады

Printer-friendly versionPDF version

Bloomberg, 17.01.2017

Блумберг қаржы ақпаратының провайдері анағұрлым инновациялық экономикамен мемлекеттердің Bloomberg Innovation Index 2017 атты рейтингін жариялады.

Рейтинг жеті көрсеткіштің негізінде есептелді: ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ЖІӨ-нен шығыстар; жан басына шаққандағы қосымша құнмен тауар өндірісі, өнімділігі (15 жастан асқан жұмыспен қамтылған бір азаматқа шаққандағы ЖІӨ); жоғары технологиялық жергілікті компаниялардың саны; жоғары білімі бар жұмыспен қамтылған халықтың үлесі; ҒЗТКЖ қызметкерлерінің саны; патенттерді тіркеу.

Зерттеу 78 мемлекетте өткізілді, олардың нәтижелері бойынша анағұрлым инновациялық экономикалардың топ-50 құрылды.

Рейтингтің бірінші орнына Оңтүстік Корея ие болды.

Одан кейін Швеция тұр. Үшінші орында - Германия.

АҚШ рейтингте тоғызыншы орында тұр. Қытай – 21-орында.

Ресей бір жылда 14 тармаққа төмен түсіп, 26-орынға ие болды. Рейтингті құрастырушылар мемлекеттердің өндіріс пен еңбек өнімділігіндегі орны санкциялар мен энергия тасымалдаушылар бағасының екіжылдық төмендеуінің салдарының ықпалынан құлдырағанын атап өтті.

Қазақстан Блумберг рейтингінде Орталық Азияның жалғыз өкілі болды (48-орын), ол өткен жылмен салыстырғанда екі тармаққа көтерілді (1-кесте).

1-кесте

Анағұрлым инновациялық экономикамен мемлекеттердің рейтингі

2017

2016

Динамика

Мемлекет

1

1

0

Оңтүстік Корея

2

3

+1

Швеция

3

2

-1

Германия

4

5

+1

Швейцария

5

7

+2

Финляндия

6

6

0

Сингапур

7

4

-3

Жапония

8

9

+1

Дания

9

8

-1

АҚШ

10

11

+1

Израиль

17

17

0

Ұлыбритания

21

21

0

Қытай

26

12

-14

Ресей

42

41

-1

Украина

47

-

-

Кипр

48

50

+2

Қазақстан

49

49

0

Аргентина

50

48

-2

Морокко