You are here

Орталық туралы

Printer-friendly versionPDF version

Миссиясы:

Инновациялық идеяларды генерациялау, Қазақстанда үздік білім беру тәжірибелері енгізу үшін сенімді деректер және талдауды ұсыну

Пайымдауы:

Біз - білім беруде  бастамаларды табысты енгізуге жәрдемдесетін ең үздік сарапшыларды біріктіретін тұрақты халықаралық беделі бар көшбасшы зияткерлік агенттікпіз

Құндылықтар: 

- Патриотизм - біздің еңбегіміз Туған елімізбен халқымыздың игілігі үшін
- Кәсібилік - біз жетік нәтижелерге ұмтыламыз
- Ашықтық - біздің санамыз ашық, және біз өзгеріске дайынбыз
- Көшбасшылық - біз оқиғаларды басып озамыз және өзімізбен жетектейміз
- Креативтілік - біз жаңа шынайылық жасаймыз және оны әлемге сыйлаймыз
- Транспаренттілік - біз қоғамға және мемлекетке есептіміз

Тарихы:

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа айналымы білім беру жүйесінің алдында жаңа талаптар. Білім беру жүйесін сапалы инновациялық даму қажеттілігі әлемдік бәсекелестік және жаһандану жағдайында сарапшы-талдамалық «ақыл-ой орталықтарының» мұмкұндіктерін белсенді қолдануды талап етті. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар әлемнің  барлық дамыған елдерде табысты жұмыс істеуде. Қазақстанда олардың қызметінің тиімділігі Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Ұлттық талдау орталығы, экономикалық зерттеулер Институты жүзеге асырған бік қатар сұранысқа ие ғылыми және аналитикалық жобалармен дәлелденді. Осы оң тәжірибені назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 желтоқсан 2011 жылғы № 1063 қаулысымен "Ақпараттық-талдамалық орталығы" АҚ құрылды.  Білім беру саласында үлкен жұмыс өтілі бар тәжірибелі ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ "Болашақ" стипендиаттарының, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Чехия, ГФР және Франция ең үздік жоо-ның түлектері арасынан жас мамандар Орталыққа жұмысқа шақырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы шешімімен "ғылыми ұйым" статусына ие болды. "Ақпараттық-талдау орталығы" Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ведомстволық ұйым болып табылады.