You are here

Орыс тілді интернет-білім беруге 2020 жылға қарай 10 млн.-дай адам тартылады

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 27.06.2016

Орыс тіліндегі интернет-білім берудің әртүрлі қызметтерімен 2020 жылға қарай әлемде 10 млн. адам қамтылады. 

2014 жылғы қыркүйекте "Орыс тіліндегі білім" интернет-порталы жұмыс істей бастады. Жұмыстың басында оның пайдаланушылар саны 78 мың адамды құрады. Бүгін порталдың тұрақты пайдаланушыларының, тыңдаушыларының саны – 441 мың адам. 2018 жылы 1 млн. тындаушы көрсеткішіне дейін жету жоспарланды. 

Әлемнің 176 мемлекетінің 4 млн. астам адамы порталды пайдаланды, 381 ұйым Пушкин институтының серіктесі болды, портал материалдары 8 шетел тілде қолжетімді. Орыс тілінен курстардан басқа портал базасында Ресейдің мәдени дәстүрлерімен байланыстырылған түйіндес курстардың мүмкіндіктері бар. Орыс халқының тамағына, лексикологиясына және т.б. арналған курстар пайда болды.

Порталды, ересектермен қатар,  23 мыңнан астам бала орыс тілінің курсын пайдаланады. АҚШ және Швейцария - бұл курсқа деген сұраныс бойынша көшбасшылар.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрінің орынбасары Вениамин Каганов 2016-2017жж. арналған "Орыс тілі" Федералдық мақсаттық бағдарламасының көрсеткіштері туралы баяндады.

Анықтама үшін: 2016-2020 жылдарға арналған "Орыс тілі" бағдарламасы 2015 жылы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – орыс тілінің көп ұлтты Ресейдің мәдени және білім беру бірлігінің, тиімді халықаралық диалогтың басты негізі ретінде жан-жақты қолданылуын, таралуын және ілгерілеуін дамыту. Бағдарлама 2016-2020жж. екі кезеңмен жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, министрдің орынбасары біліктілікті арттырған орыс тілі пәнінің ресейлік оқытушыларының саны 2016ж. соңына қарай 40%-ға емес, 50%-ға, орыс тілін меңгеруге және орыс тілі, ресейлік білім беру туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін сапалы интернет-ресурстардың саны 200-ге емес, 250%-ға артады деп хабарлады. 

Сонымен қатар, орыс тілімен және Ресейдің мәдениетімен байланысты мәдени-ағарту іс-шараларына қатысушылардың жоспарланған саны екі есе, ал  біліктілікті арттырған, шетелдік мемлекеттердегі орыс тілі пәні мұғалімдерінің саны болжалған 70%-дың орнына 100%-ға артады.