You are here

Өзбекстанда PhD және ScD ғылыми дәрежелер тағайындалатын болады

Printer-friendly versionPDF version

ИА Фергана, 20.02.2017

Өзбекстанда магистратура түлегі мен ғылым докторы мәртебесінің арасында  ғылым кандидаты аралық дәрежесін қайтару шешілді, бірақ термин өзгертіліп, дәрежені тағайындаудың жаңа ережелері бекітілді.

Президент Шавкат Мирзиеевтің жарлығымен 2017ж. 1 шілдеден бастап Өзбекстанда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің екі деңгейлі жүйесі енгізіледі. Бірінші деңгей – базалық докторантура, ол диссертацияны қорғаумен және ғылымның сәйкес саласында PhD философия докторы ғылыми дәрежесін тағайындаумен аяқталады.  Екінші деңгей - диссертацияны қорғаумен және ғылым докторының Doctor of Science, ScD ғылыми дәрежесін тағайындаумен докторантура.

Базалық докторантураға магистр дәрежесінің немесе жоғары білімнің иегерлері немесе клиникалық ординатураны аяқтағандар (медицина ғылымдары үшін) қабылданады. PhD дәрежесі оларға диссертацияны қорғағаннан кейін ғана тағайындалады.

Докторантураға ғылым кандидаты немесе PhD немесе шетелде берілген оларға теңестірілген дәрежелері барлар қабылданады. Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін оларға ScD дәрежесі тағайындалады.

Базалық докторантура мен докторантураға қабылдау бұл мақсаттарға Ғылым академиясына, министрліктерге, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыратын ведомстволарға және мекемелерге жыл сайын бөлінетін бюджеттік қаражат есебінен іске асырылады. 1 шілдеден бастап базалық докторантурада білім алатындар шәкіртақы алады, олар тағылымгер-зерттеушінің лауазымдық еңбекақысының мөлшеріне теңестірілген, ал докторантурада білім алушылардың шәкіртақысы ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар аға ғылыми қызметкерлердің базалық лауазымдық еңбекақысымен теңестірілген.