You are here

Өзбекстанда жоғары білім беру түбегейлі өзгертіледі

Printer-friendly versionPDF version

Podrobnо.uz, 05.08.2017

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев экономика салаларының ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыруға қатысуын ары қарай кеңейту бойынша бірқатар шараларды бекітті. 

DGP Research & Consultin және БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комитетінің сарапшылары 2017ж. қаңтар-маусым айларында өткізген зерттеудің деректері бойынша елде жоғары білімнің теориялық білімнің және тәжірибелік дағдылардың тұтастығын қамтамасыз ету бөлігінде бірқатар кемшіліктері бар.

Сарапшылар студенттердің өндірістік кәсіпорындарында өтетін біліктілік тәжірибесінің тиімсіздігін, сондай-ақ білім сапасын бақылайтын әлсіз тетіктерді, білікті педагогикалық және басқарушы кадрлардың жетіспеушілігін, шетелдік ЖОО-лармен жеткілікті дамыған ынтымақтастықты атады.

Бүкіл осы мәселелерді шешу үшін шаралардың жаңа кешені қабылданды. Осы қызықты бағыттардың бірі — әрбір ЖОО-ның пермьер-министрге, оның орынбасарларына және басқа жауапты басшыларға жеке-жеке бекітілуі. Осы кезекте, министрліктің және ведомстволардың басшылары қолда бар мәселелерді анықтау үшін студенттермен және оқытушылармен айына кем дегенде бір рет кездеседі.

Жаңа оқу жылынан бастап барлық курстардың кем дегенде екі академиялық тобында бейінді пәндерді ағылшын тілінде кезең-кезеңмен оқыту, ПОҚ-ты ағылшын тілінде сабақ жүргізуі үшін нысаналы даярлау, шетелде тиісті дайындықты ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдік мамандарды оқу сабақтарын өткізу үшін тарту сияқты шаралар енгізіліп жатыр.

ЖОО-лардың ұлттық жылдық рейтингін жетілдіруге ерекше назар аударылады, бұнда еңбек нарығында түлектерге деген сұраныс және ПОҚ ҒЗТКЖ нәтижелерін тәжірибеге енгізу тиімділігі негізгі көрсеткіштер болады.

Педагогикалық ЖОО-ларға қабылдау шарттарын қайта қарастыру жоспарлап отыр. Келешек оқу жылынан бастап, тест тапсырмаларымен қатар, қабылдау кезінде талапкерлердің кәсіптік жарамдылығын анықтау үшін шығармашылық сұхбаттар да өткізіледі. Тағы бір айта кететін жайт - педагогикалық ЖОО-ларға мемлекеттік грант бойынша қабылданатын талапкерлердің саны артып жатыр.