You are here

Педагогикалық ЖОО Ресейде алғаш рет тірек университеттерінің қатарына кіреді

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 27.02.2017

Педагогикалық ЖОО сәйкес бағдарлама байқауының екінші толқыны шеңберінде алғаш рет тірек университеттердің қатарына кіреді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің басшысы Ольга Васильева Сочи қаласында өткен Ресейлік инвестициялық форумда мәлімдеді. 

Білім және ғылым министрлігінің тірек ЖОО қалыптастыруды ұсынатын  бағдарламасы ресейлік өңірлерде мықты университеттерді құруға бағытталған. Ғылыми базаларды, кадр және қаржы ресурстарын біріктірудің негізінде олар кадрлық даярлау жүйесінің түрленуін, мықты студенттердің тартылуын, ғылыми зертханаларды құрылуын және өңірдің ірі салалық кәсіпорындарымен қоғамдасуын қамтамасыз ете алады.

Қазіргі уақытта Ресейде 11 тірек ЖОО бар, олардың тізімі 2016 жылы жарияланды. 2017 жылғы ақпанда бағдарламаға қатысу байқауының екінші толқыны басталды.

Тірек университеттер бағдарламасына биыл қосылатын 19 ЖОО 200 млн. рубль алады. Бағдарлама үш жылға есептелген.