You are here

Пед.қызметкерлер санатынан жас мамандар жұмыспен өтеуден кейін тағы бір жыл үстеме ақы алатын болады

Printer-friendly versionPDF version

belta.by, 21.01.2017

Беларусь Республикасында үлестіру бойынша екі жыл жұмыс істеген, бірақ бұл білім беру мекемесінде жұмысын жалғастырып жатқан педагогикалық қызметкерлер санатынан жас мамандарға үстемақы төлеу тағы бір жылға созылады.

Осылайша, жоғары және орта арнайы білімі бар, білім беру мекмесінде үлестіру немесе жолдама бойынша екі жыл жұмыс істеген және еңбек шартындағы шарттармен жұмысын жалғастырып жатқан педагогикалық қызметкерлерге кейінгі бір жыл бойы бірінші дәреженің бір тарифтік ставка көлемінде айлық үстеме ақы тағайындалады.

Айлық үстеме ақы жұмыс істелген уақытқа пропорционалды (атқарылған жұмыстың көлемі) негізгі жұмыс орны бойынша төленеді, бірақ ол Министрлер Кеңесі белгілеген бірінші дәреженің бір тарифтік ставкасынан аспауы тиіс.

Білім министрлігінің баспасыөз орталығында мәлімдегендей, бұндай шара жас мамандарды білім беру мекемелерінде ұстап қалуға және олардың жалақыларының төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.