You are here

PISA-2012: жаттау математикадан білімді меңгеруге көмектеседі ме?

Printer-friendly versionPDF version

ОЭСР, 16.03.2016

Қазіргі кезде түрлі мемлекеттердің білім беру жүйелерінде математикалық білімді игеруде жаттаудың пайдасы мен зияны мәселесі талқылануда. 

ЭЫДҰ сарапшылары PISA-2012 халықаралық зерттеу нәтижелерін талдап, жаттау балаларға жеңіл тапсырмаларды орындаған кезде ғана көмектеседі деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, нәтижелер қатысушы мемлекеттер арасында жаттау индексінің бір бірлікке көтерілуі оқушының математикадан сұраққа дұрыс жауап беру мүмкіндігін 31%-ға төмендететінін көрсетті. 

Зерттеуге қатысқан он бес жастағы оқушылар жаттау стратегиясын жиі қолданатындарын айтты. Мемлекеттер арасындағы талдау жоғары балдарға ие болған мемлекеттер (Гонг-Конг, Жапония, Корея, Макао, Шанхай, Тайпей және Вьетнам) ағылшын тілді мемлекеттерге қарағанда жаттауды сирек қолданатындарын көрсетті.

Мысалы, Вьетнамда оқушылардың 5%-ы жаттауды математикадан қолданады, Жапонияда - 12%, Кореяда - 17%. Салыстыру үшін, Канадада бұл көрсеткіш жоғарырақ - 26%, Ирландияда - 28%, Штаттарда - 29%, Австралия мен Жаңа Зеландияда - 35% және Ұлыбританияда -  37%.

ЭЫДҰ сарапшыларының қорытындысына сәйкес, математикалық қабілеті әлсіз немесе математикалық тапсырмаларды шешуде өз мүмкіндіктерін төмен бағалайтын балалар жаттау стратегиясына сүйенеді екен. 

Нәтижелерді талдау мәселені шешу мен пәнге жағымды көзқарасты балалар күйзелмейді, жаттамайды, тапсырманың логикалық түсінуге тырысатындарын көрсетті. 

Гендерлік жақтан қарасақ , барлық қатысушы мемлекеттерде қыз балалар, ұл балаларға қарағанда, жаттауды жиі қолданады екен.