You are here

PISA 2015: мектепке дейінгі білім математикадан мектептегі үлгерімге ықпал етеді

Printer-friendly versionPDF version

Education Week, 10.01.2017

PISA 2015 соңғы нәтижелері мектепке дейінгі білім беру ұйымына бару мен мектепте математика пәнінен оқу үлгерімінің арасында байланыстың барын көрсетті. Нәтижелерге сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымына 2-3 жыл барған балалар математикадан 50 балл артық жинады. Жалпы алғанда, PISA 2015 рейтингінде көшбасшы мемлекеттерде (500 балдан жоғары) мектепке дейінгі білімі бар балалардың үлесі анағұрлым жоғары.

Сингапур, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттердің арасында академиялық бағытпен жалпыға ортақ мектепке дейінгі біліммен екі жыл бойы қамтудың бары тіркелді. Финляндияда PISA 2015-те математикадан жоғары көрсеткіштер кезінде мектепке дейінгі білім негізінен ойынға, әлеуметтік және эмоциялық дамуға бағдарланады.

Осыған байланысты ЭЫДҰ Ерте жастан оқытудың халықаралық пилоттық зерттеуін өткізуді жоспарлап отыр. Бағалауға 4,5-5,5 жастағы балалар қатысады. Өзін-өзі бақылау, ауыз-екі сөйлеу және ерте сауаттылық, математика, ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау, дербестік дағдыларын бағалау жоспарланды. Зерттеуді жоспарлауға 16 мемлекет қатысты. Пилот 2017-2018жж. 6 мемлекетте жоспарланды.