You are here

Планшеттер оқушылардың дағдыларын дамытуға көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 24.05.2017

Солтүстік Ирландияда мобильді құрылғыларды бастауыш білім беруде пайдалану бойынша зерттеу өтті.  Зерттеу 2 жыл бойы Белфаст қаласының қолайсыз аудандарында орналасқан бес бастауыш мектепте 650 баланың арасында өткізілді. Apple планшеттері дайындық және бірінші үш сынып оқушыларына таратылды.

Зерттеу нәтижелері оқуда планшеттерді пайдаланудың тиімділігін айқындады. Олар оқу және есептеу дағдыларына оң әсерін тигізді және балалар арасындағы коммуникация дағдыларының дамуына ықпал етті. Оқушылар планшеттерді назар мен ынтаның артуына алып келген сабақтағы ойын элементі ретінде қарастырды.

Планшеттерді қолданудын оң ықпалы туралы бастауыш сыныптардың ұстаздары да пікір білдірді. Планшеттерді қолдану кейбір ұстаздарға өз сабақ беруіне сенімділігін нығайтуға мүмкіндік берді. Бір мектептің директоры балалардың оқуға анағұрлым жоғары тартылуы олардың үлгерімінің жақсаруына әкелгенінайтты.

Осылайша, зерттеу сандық технологияларды қолдану білім беруге оң әсер тигізетінін көрсетеді. Зерттеу Белфасттың қолайсыз аудандарында өткендіктен, сандық технологияларды кіріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға беру қажеттілігі тағы бір маңызды қорытынды болып табылады.