You are here

Польшаның мұғалімдері білім беру реформаларына наразылық білдірді

Printer-friendly versionPDF version

Euronews, 10.10.2016

Польшаның ірі қалаларында мұғалімдер білім беру жүйесі реформасының үкіметтік жоспарларына наразылық білдіру акциясы өтті. 

Келесі жылдан бастап поляк шенеуніктер бастауыш мектептегі сегіз жылдық оқытумен ескі жүйеге қайтқысы келеді. Содан кейін балалар төрт жыл жоғарғы мектепте немесе бес жыл кәсіптік мектепте білім алады. Өз кезегінде гимназиялар мен кәсіптік-техникалық училищелерді жою ұсынылды.

Наразылық акциясының ұйымдастырушысы Поляк мұғалімдердің кәсіподағы болды, ол Білім министрлігі ұсынатын реформа бейберекеттікке, жаппай жұмыстан шығуға және білім беру сапасының төмендеуіне әкелетініне сенімді. Кәсіподақ басшысы Славомир Броняж айтуынша, наразылықтар "мектептерді жекешелендіруге" қарсы бағытталған.  Заңжобасы елдің әр аумағында тек бір мемлекеттік мектепті ғана қалдыруды қарастырады, ал қалғандары жекеменшік болады.

Польша Премьер-министрі Беата Шидло, өз кезегінде, реформаны толық жүзеге асыруға бел байлағаны туралы мәлімдеді, өйткені, оның айтуынша, білім беру жүйесіне енгізуге ұсынылатын өзгерістер талқылау рәсімінен өтіп, қоғаммен мақұлданған болатын.