You are here

Президент Трамп уәдесін орындап, мектептік ваучерлер санын арттырады

Printer-friendly versionPDF version

New York Times, 01.03.2017

АҚШ Президенті Дональд Трамп Конгреске айтқан өзінің алғашқы сөзінде чартерлік, жекеменшік және діни мектептердегі оқу ақысын төлеуге салық төлеушілердің қаржысын пайдаланатын мемлекеттік мектептердің оқушылар санын айтарлықтай арттыратынын мәлімдеді.

Анықтама үшін: Чартерлік мектеп – мемлекет тарапынан қаржыландырылатын, бірақ дербес жұмыс жасайтын мектеп.

Сайлауалды бағдарламаны өткізген кезде, Дональд Трамп халықтың осал топтарынан шыққан балалардың сапалы білімге қолжетімділігін арттыруға арналған іс-шараларды қабылдайтыны туралы мәлімдеген болатын. Бұдан былай "қаражат оқушы үшін анағұрлым жақсы нұсқа болып табылатын мемлекеттік, жекеменшік немесе діни мектепке оқушының артынан баратын болады".

АҚШ Президенті өз сөзінде конгрессмендерді білім туралы заң жобасын қабылдауға шақырды, ол халықтң осал топтарынан шыққан балалардың, соның ішінде африкалық және латын америкалық тектес балалардың мектеп тандауын қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Білім департаменті мәлімдегендей, қазіргі уақытта салықтық қаражат бөлу есебінен мектепті тандау бағдарламасының бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Жеке тұлғалар мен корпорациялар коммерциялық емес мектеп қоғамдастықтарына салық түрінде ақшалай аударымдар жасай алады, ал олар өз кезегінде, оқушыларына шәкіртақылар бөлетін болады.

Сайлауалды кампанияның барысында Трамп мектептік ваучерлердің қызметі жөнінде өзінің 20 миллиардтық жоспарымен таныстырды, ол оқушыларға бөлінген қаражатты тандаған мектебіне "алып кетуге" мүмкіндік береді.

Сол кезете, сарапшылар сегретацияның салыстырмалы күшею мүмкіндігіне қатысты үрей білдірді. Ұлттық Білім Қауымдастығының Президенті Лили Гарсиа бұндай федералдық бастаманың нәтижесі, мемлекеттік мектептермен салыстырғанда, азаматтық заңнамаға бағынбайтын жекеменшік және діни мектептерге анағұрлым көп кіріс әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Бұндай мектептер оқушыларды діни және тілдік сипатын немесе денсаулық жағдайын кемсітеді. Бұл мемлекеттік мектептерге мүлдем кереғар», - деп айтты Гарсиа.