Информационно-Аналитический центр
Published on Информационно-Аналитический центр (http://iac.kz)

Home > Украинада қаржы сауаттылығы сабақтарын балабақшада енгізеді

Сегодня, 28.03.2016

Украина Білім және ғылым министрлігі балаларды ақша ұстауға үйреткісі келеді. Ол мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қаржылық сауаттылық сабақтарды енгізгені туралы хабарлады. 

Украина БҒМ бұндай сабақтарды енгізу жоспары Aflatoun International халықаралық қорымен меморандумға қол қойғаннан кейін пайда болды. Украина БҒМ сынақ бағдарламаны ұсынды. Бағдарламаға "Мен және ақша", "Қажеттіліктер мен ресурстар" және "Сақтаймыз, жұмсаймыз, бөлісеміз" сияқты тақырыптар кірді. Бағдарламаға Украинаның 16 аумағынан барлығы 81 мектепке дейінгі білім беру мекемесі қатысады.  

Қаржы негіздері украин балаларға ойын формасында үйретіледі. Мысалы, "ақша фабрикасын" ойнай отырып, балалар картон қағаздан жасалған тиындарды жабыстырады. Дүкен немесе банк ойнай отырып, заттарды сатып алуға және ақша санауға үйренеді. Бұдан басқа, балалар әртүрлі елдердің ақша валютасы мен банкноттардың номиналды құнымен танысады. 

Қаржы сауаттылығын енгізбес бұрын балалардан сұқпат алынды. Мектеп жасына дейінгі балалардың жалақы, несие және ақша туралы жалпылай хабардар екен. Балалар көп қызық жауаптар берді: «Бұл суреті мен саны бар қағаз. Ақша банкоматтан алынады, бірақ анам оларды ең алдымен жұмыс істеп табу керек дейді»; «Ақшаны зауытта бастық-аға басып шығарады»; «Біздің елде ақша көп, өйткені ата-аналардың бәрі жұмысқа барады» және т.б.