BBC, 15.05.2017 [1]
Ұлттық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы Англияда онлайн "мектепке дейінгі білімнің төлқұжатын" жасауға ұсыныс жасады. Мақсаты - мектепке дейінгі білімді әртүрлі қайнар көздерін бірыңғай қорға біріктіру арқылы қаржыландыру жүйесін қарапайым ету. Қазіргі уақытта қаржыландырудың төрт көзі бар: жұмысберушілерден ваучерлер, салық салынбайтын мектепке дейінгі білім беру, 30 сағат тегін мектепке дейінгі білім беру, сонымен қатар бірыңғай әлеуметтік төлемақы.
Ұлттық қауымдастық қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін ата-аналар үшін өте күрделі болғандықтан, мақсатсыз және тиімсіз деп санайды. "Төлқұжатты" енгізу бюрократияны азайтуға мүмкіндік береді, қаражат мектепке дейінгі ұйымдарға уақытымен түсетін болады, ал ата-аналар төлемнің оңай тәсілдерін таңдап, мектепке дейінгі ұйымдарға тікелей төлей алатын болады.
Links
[1] http://www.bbc.com/news/education-39895004