You are here

ICILS

ICILS (International Computer and Information Literacy Study) 
Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық зерттеу
 

ICILS зерттеуін IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы (www.iea.nl) 2013 жылдан бері әр бес жыл сайын өткізеді.

Зерттеудің мақсаты – 8-сынып оқушыларының IT-құзыреттерінің қалыптасу деңгейін бағалау. Зерттеу келесідей сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:  оқушылардың IT-құзыреттерінің қалыптасуына мектептік білім қалай әсер етеді және балалардың IT-дағдыларының дамуына қандай факторлар әсер етеді.

Зерттеу тапсырмалары жетекші халықаралық сарапшылар және қатысушы елдердің қатысуымен әзірленеді. ICILS тесті толық автомантандырылған. Қатысушылар тесттік модульдерді тек компьютерде орындайды.   

Тапсырмалар жабық жүйе қағидасы бойынша құрастырылған. Қатысушы басқа ресурстарды қолдауға мүмкіндігі болмайтын, арнайы жасалған ортада ақпаратты іздеуді, өңдеуді және жіберуді жүзеге асырады.

Пән мұғалімдері, IT-үйлестірушілері және мектеп директорлары сауалнамаға қатысады. Зерттеуге қатысушы елдер, сондай-ақ педагогтардың IT-құзыреттерінің кәсіби деңгейі және инфрақұрылымдық ресурстар,  білім беру саясаты мен бастамалары туралы ақпарат ұсынады. Контекстік ұлттық шолу оқушылардың оқу жетістіктері деңгейіне IT-саясаты және тәжірибесі білімнің әсері факторлық талдау жүргізу кезінде қолданылатын болады.

Зерттеу оқушылардың, мектептердің, мұғалімдердің, мектеп директорларының жеке жетістіктерін бағалауды қамтамасыз етпейді. Жиналған мәліметтер белгілі бір респонденттерді анықтамай білім беру жүйелерінің мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан осы зерттеуге 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында қатысады. Қатысу үшін халықаралық іріктеумен 4 мыңға жуық қазақстандық сегізінші сынып оқушылары және 2500 мұғалімдер таңдалып алынатын болады.

Жалпы ICILS-2018-де әлемнің 14 елінен 120 мыңға жуық сегізінші сынып оқушылары қатысады.  Зерттеу нәтижелері 2019 жылдың желтоқсан айында IEA-мен жарияланады.

Еліміздің осындай бірегей зерттеуге қатысуы IT-білімнің белесенді дамуына ықпал ететін болады. Бұл халықымыздың ақпараттық сауаттылық деңгейіне  мультипликативті эффектті қамтамасыз етеді.

Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті

Байланыс телефондары: 57-86-32 / 72-88-10

 

ІСІLS-2018 компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі (буклет)

Оқушылардың ІТ- құзыреттері ІСІLS халықаралық зерттеу (жинақ)