You are here

ҰБДҚ

Ұлттық білім беру деректер қоры

ҰБДҚ - бұл білім беру саласы бойынша алғашқы статистикалық деректер жинау және өңдеу жөніндегі бизнес-үдерістерді автоматтандыруға арналған, ЭОЖ (Электронды оқыту жүйесі) кіші жүйесі.

ҰБДҚ-да «ҚР БҒМ – білім басқармасы – білім бөлімі – білім ұйымы» тізбегі бойынша қолмен толтырылған және жиналған әкімшілік есеп беру мәліметтерін  жинау автоматтандырылған.

Мақсаты:

  • автоматты режимде білім беру ұйымдарымен ведомстволық статистиканы жинау;
  • мәліметтерді өңдеу және сақтау;
  • әкімшілік есеп беруді қалыптастыру;
  • ҚР БҒМ бөлімшелеріне қажетті статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету.

ҰББДҚ:

  • барлық оқушыларды есепке алуды ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ;
  • қосарланушылық мәліметтерін шығару арқылы күмәнды ақпаратты АНЫҚТАЙДЫ;
  • білім беру ұйымдарының паспорттарын толтыруды ЖАЙДАҚТАЙДЫ;
  • бірқатар тарихи статистикалық мәліметтерді ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ;
  • уақытаралық есептерді құрастыруға МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

Қазақстанда 2013 жылы ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде ведомстволық статистика ең алғаш рет жинақталды.

Аталған кезеңде ұлттық статистикалық көрсеткіштер халықаралық көрсеткіштермен сәйкестілігі қарастылып жатыр. Статистиканы жинау саласын жақсарту және жүйені жетілдіру үшін іс-шаралар жоспарлануда:

- ҰББДҚ бір әкімгер сүйемелдеу;

- нормативтік акт және нұсқауларға өзгерістер енгізу;

- білім беру ұйымдарының қызметкерлерін ҰББДҚ сапалы толтыруды үйрету;

- статистикалық ақпараттарды жинау барысында аймақтарға консультациялық сүйемелдеу көрсету;

- мәліметтерді халықаралық статистиканы БХСК-мен сәйкестендіру;

- әкімшілік есеп беру мәліметтерін ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне беру үшін дайындау және БҰҰ БҒМС жыл сайынғы білім беру бойынша сұрақтарын толтыру.

Соңғы нәтиже: халықаралық рейтингте көрсеткіштерді жақсарту; ҚР БҒМ қарасты бөлімшелері және құрылымдарына, аймақтардың сұранысы бойынша білім саласындағы сапалы ведомстволық статистиканы ұсыну; «ҚР Білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағын шығару арқылы білім беру жүйесіндегі статситикалық мәліметтерді тарату.

  1. "Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің статистикасы" Ұлттық жинақ 2012-2013
  2. "Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің статистикасы" Ұлттық жинақ 2013-2014
  3. "Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің статистикасы" Ұлттық жинақ 2014-2015
  4. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТАТИСТИКАСЫ» Ұлттық жинақ
  5. Мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйелерінің негізгі көрсеткіштері