You are here

PIRLS

 
PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study)
Мәтінді оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеу

 

 

PIRLS зерттеуін IEA Білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық қауымдастық (International Association for the Evaluation of Educational Achievement, www.iea.nl) үйлестіреді.

PIRLS жобасы – төртінші сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтайтын халықаралық зерттеулердің бірегейі. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, бастауыш мектепте оқушылардың алдағы білім алудағы жетістіктерінің негіздері қаланады.

PIRLS зерттеуінің нәтижелері оқушылардың оқуы мен дамуының жетістіктеріне әсер ететін факторларын (мектеп пен отбасындағы білім беру ресурстары, балалардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы ата-аналардың қатысуы және т.б.) кемімелдік талдауға мүмкіндік береді.

PIRLS зерттеуінің үздіктер қатарында 3 кезең бойы (2001, 2006, 2011) Гонконг (571), Ресей Федерациясы (568), Финляндия (568) және Сингапур (567) елдері орын алған.

Қазақстан алғаш рет осы жобаға 2016 жылдың сәуір айында қатысты. Қатысушылар контингенті 10 256 адамды құрады, соның ішінде: 4 925 төртінші сынып оқушылары, 4 925 төртінші сынып оқушыларының ата-аналары, 234 бастауыш сынып мұғалімдері, 172 мектеп директорлары.

PIRLS-2016 зерттеуіне 50-ден астам қатысушы елдердің нәтижелері 2017 жылдың 5 желтоқсанында ЮНЕСКО (Париж қ., Франция) штаб-пәтерінде жарыққа шығады. IEA-дің «PIRLS-2016 халықаралық зерттеуі» энциклопедиясында таңдаулы білім беру бағдарламалары мен бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша тәжірибелер туралы бірегей ақпараттық материал ұсынылады.

PIRLS зерттеуіне қатысу Қазақстанға бастауыш сынып оқушылары оқу дағдыларының қалыптасу деңгейіне тәуелсіз әрі объективті баға алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазақстандық білімнің ашықтығын және жетекші білім беру жүйелерінің халықаралық қоғамдастығына ену қағидатын қамтамасыз етеді.

Толығырақ оқыңыздар: 

PIRLS құралнамасы және оны бағалау технологиясы

 

Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті

Байланыс телефоны: 72-88-10

 

  • Біздің TWITTER-аккаунтына жазылыңыздар

  • Біздің facebook қауымдастығымызға жазылыңыздар