You are here

TALIS

 
Сабақ беру мен оқытудың халықаралық TALIS зерттеуі 
(Teaching and Learning International Survey)

 

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (www.oecd.orgTALIS зерттеуін 2008 жылдан бастап әр бес жыл сайын өткізуде.

Зерттеу мақсаты – қатысушы мемлекеттерге мектеп процесстерінің тиімділігін қамтамасыз ететін саясатты анықтау үшін мезгілді және шынайы салыстырмалы деректерді ұсыну.

Зерттеуге негізгі мектеп мұғалімдері мен директорлар қатыспақшы. Сауалнама сұрақтарын Халықаралық консорциум мен сарапшылар тобы даярлайды. Сауалнамалар онлайн толтырылады, оған мұғалімдер 60 минуттай уақыт жұмсайды. Алайда, кейбір мемлекеттер сауалнаманы жазбаша түрде толтыруға мүмкіндік ұсынады.

Сауалнама мұғалім мамандығын зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында мұғалімдер кәсіби даярлық, педагогикалық қызмет, кері байланыс, мектеп ахуалы, жұмысқа қанағаттану және мәдени әр-алуан ортада оқыту туралы ақпарат ұсынады.

Зерттеу аясында жеке мектеп, мұғалім не директордың жетістіктері бағаланбайды. Жиналған деректер жалпы білім беру жүйесіне баға беруде көмек болып, жеке жауап берушілерді белгілемейтін болады.

Қазақстан зерттеуге 2018 жылы сәуір-мамырда қатысады. Зерттеуге қатысуға елдің 333 мектебінен 6 мыңнан астам мұғалім іріктеледі.

TALIS-2018 зерттеуіне 46 елдің ұстаздары қатысады. ЭЫДҰ зерттеу нәтижелерін 2019 жылы маусымда жариялайды.

Еліміздің осы теңдесі жоқ зерттеуге қатысуы мұғалімдер үшін Қазақстан білім беру саясатын талдау мен құруда үлес қосуға және мектепте білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті

Байланыс телефондары: 57-86-32 / 72-88-10

TALIS нәтижелері негізінде мұғалім мәртебесін көтеру механизмдеріне талдау