You are here

TIMSS

TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study)
Mатематика және жаратылыстану білім сапасын халықаралық зерттеу

 

4-ші және 8-ші сынып оқушыларының жаратылыстану және математикалық деңгейін бағалайтын халықаралық TIMSS зерттеуі 2015 жылы алғашқы 20-жылдығын тойлады. Зерттеудің алты кезеңінде әлемнің 80 білім беру жүйесі білім сапасының жаһандық мониторингіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

4-ші және 8-ші сынып оқушыларын таңдау кездейсоқ емес. Зерттеудің өткізу мерзімділігі 4 жылда 1 рет математикалық және жаратылыстау мектептік білімге тиімді мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның TIMSS-ке қатысуы білім сапасы тәуелсіз объективті баға және білім мазмұнын жаңарту сұрақтары бойынша негізгі шешімдерді қабылдауға арналған ақпаратты алуға мүмкіндік береді.  

Зерттеуді International Association for the Evaluation of Educational Achievement (IEA, www.iea.nl) білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы үйлестіреді.

Қазақстан TIMSS-тің үш кезеңінне қатысу тәжірибесі бар.

TIMSS-2007-де әлемнің 45 елінен 425 000 оқушы қатысты. Қазақстан атынан 141 мектептен 3990 төртінші сынып оқушылары бақ сынасты. Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының математикалық сауаттылық деңгейінің орташа балы 549 балды құрады, жаратылыстану – 533 балл (1000 балдық халықаралық шакала бойынша).

TIMSS-2011-де әлемнің 63 елінен 600 000 оқушы қатысты. Қазақстан атынан 8775 оқушы бақ сынасты, оның ішінде, 154 мектептен 4385 төртінші сынып және 4390 сегізінші сынып оқушылары болды. Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының орташа балы математика бойынша 501 балл және жаратылыстанудан 495 балды құрады, сегізінші сынып оқушылары математика бойынша 487 балл, жаратылыстанудан – 490 балл (1000 балдық халықаралық шкала бойынша).

TIMSS-2015-те Қазақстан атынан 179 мектептен 9 579 оқушы қатысты. (4710 төртінші сынып және 4869 сегізінші сынып оқушылары). Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының математика бойынша орташа балы 544-ті құрады және жаратылыстанудан – 550 балл, сегізінші сынып оқушылары математика бойынша – 528 балл және жаратылыстану пәндері бойынша 533 балл.

Қазақстандық оқушылардың TIMSS зерттеуіне қатысу нәтижелері бойынша Ұлттық есептер жарияланған (http://iac.kz/ru/project/timss).

Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті
Байланыс телефондары: 57-86-32 / 57-86-28
 

4 ЖӘНЕ 8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ