You are here

АРМАНЫМЫЗ ОРЫНДАЛДЫ

Printer-friendly versionPDF version

"Болашақ" ақпараттық-талдау журналы, №4/39/16

- Серік Әзтайұлы, Сіз "Болашақ" бағдарламасының құрылу бастамасында тұрдыңыз. Бәрі неден басталды? Қазақстандық студенттерді шетелге заманауи білім алу үшін жіберу идеясы қалай пайда болды? Бұл шешімді қабылданғанда қандай халықаралық тәжірибеге жүгіндіңіздер? Қандай қиыншылықтарға тап болдыңыздар?

- Бірден нақтылайын, мен "Болашақ" бағдарламасының құрылу бастамасында тұрмадым. Оның құрылу бастауында осы бағдарламаға бастамашылық еткен жалғыз адам – біздің Тұңғыш Президентіміз тұрды. 1993 жылғы 5 қарашада ол "Қазақстан Республикасы Президентінің мамандарды шетелде даярлауға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы" қаулысына қол қойды. Әлемнің үздік университеттерінде білім алу – көптеген қазақстандық бозбалалар мен бойжеткендердің арманы тұңғыш рет орындалды.

Бағдарламаның пайда болуы уақтылы әрі заңды болды. Экономикадағы еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қауымдастыққа тең құқылы кіру жолына түскен тәуелсіз еліміздің құрылуының екінші жылы аяқталып келді. Қазақстан өзін тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Қоғамды нығайту, экономиканы нарықтық қарым-қатынастарға қайта бағдарлау бойынша күрделі, орындалуы қиын міндеттер, сонымен қатар экономикалық байланыстары бұзылған, ал саяси құрылымы енді қалыптасып жатқан мемлекеттерге тән басқа да мәселелер тұрды. Көптеген реформаларды іске асыру керек болды. Республиканың алдында тұрған міндеттер мен қабілетті мамандардың болуы арасында сәйкессіздік пайда болды. Республикаға талантты жастарды шетелде оқыта отырып, мамандардың жетіспеушілігін толықтыру керек екені айдан анық болды. 

Мемлекет дамуының өзгерісті кезеңінде олардың көшбасшылары нысаны бойынша жедел әрі нақты және шын мәнінде дұрыс шешім қабылдаған фактілерге тарих толы. Реформалардың стратегиясын орындаушыларды дайындау мәселелері түбегейлі шешілген жерде табысқа қол жеткізілді. Бұл мәселелерді кезінде «петров» дәуірінде Ресей, соғыстан кейінгі Жапония, Сингапур, заманауи Қытай шешті. Бұл мәселелерді шешудің тәсілі қарапайым болды – талантты жастарды экономикалық және әлеуметтік-саяси дербестігі мен көшбасшылығын дәлелдеген әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің үздік оқу орындарында оқыту. 

Бұл мәселелерді шешудің тәсілі қарапайым болды – талантты жастарды әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің үздік оқу орындарында оқыту. 

"Петров балапандарын" Еуропа елдерінде оқыту фактісі жалпыға мәлім. 1696 жылы І Петр дворян жастарды шетелде оқыту туралы жарлықты жариялады. Оқытудан мыңнан астам адам өтті. Олардың басым бөлігі ақырында маңызды лауазымдар мен мемлекеттік қызметке тұрды да, Ресейдің белсенді дамуын қамтамасыз етті. 

Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте "Болашақ" бағдарламасы алғашқы болды. Содан соң Қырғызстанда "ХХІ-ғасырдың мамандары" бағдарламасы (1995ж.), Өзбекстанда "Умид" қорының бағдарламасы (1997ж.) құрылды. Әзірбайжанда (Қазақстанның мысалында) 2007 жылдан бері "Мемлекеттік шетелде білім беру бағдарламасы" бар (5 мың шәкіртақы).

Ал мен, менің әріптестеріммен бірге, "Болашақ" бағдарламасын оның бастапқы кезеңінде іске асыруға қатыстым. Бәрі іскерлік тұрғыдан басталды. Біз энтузиазмге толы болдық әрі  қобалжыдық. Өйткені бұл бәріміз үшін жаңа іс болатын. 

Бағдарламаға ерекше назар аударылды, сондықтан оны іске асыруда көп қиындықтар болмады. Абсолютті жаңашылдығы, тәжірибенің жоқтығы мен үлкен ажиотаж басты қиындықтар болды. 

Мемлекет үшін экономикалық тұрғыдан қиын кезеңде бұл қаншалықты керек болды?

- Шынымен-ақ, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Қазақстан экономикалық және әлеуметтік жағдайы қиын болды. Шаруашылық байланыстардың ажырауы өндіріс көлемінің екі есе қысқаруына әкелді. Елдің ЖІӨ 1994 жылға қарай 33%-ға азайды.

Кеңес Үкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстанда "ақылдылардың кету" мәселесі өзекті болды, егемендіктің алғашқы сегіз жылында білімі мен индустриалдық салада кәсіби дағдыларының деңгейі жоғары болған 2,8 млн. адам елден кетті. Республикадан мамандар мен кәсіпқойлар кетті, олар алыс және жақын шетелге кетті. Адамдардың кету себептері тарихи еліне оралу ниеті, жақсы өмір іздеу, өз болашағына сенімсіздік болды.  

Білім мен ғылым жүйесіне жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың 1990ж. ЖІӨ-нің 6,8%-ынан 1994ж. 2,9%-ға дейін қысқаруы білікті ғылыми және педагогикалық кадрлардың кетуіне әкелді.

Кенеттен, бұл күрделі жағдайда біздің Президентіміз "Болашақ" бағдарламасы туралы шешім қабылдады.

Басында көбісі "Не үшін?" деген сұрақты қойғанын мойындаймын. Академиялық ортадан қайтіп оралмауы мүмкіндерге қаражат жұмсамай, өзіміздің ЖОО-ларымызды нығайту керек деген дауыстар шыққан. 

Бірақ уақыт қана барлық сұрақтар мен күмәндарға дұрыс жауап береді. Алға дұрыс көзқараспен қарау, стандартты емес, бірақ бұдан кейін анықталғандай жалғыз дұрыс шешімдерді қабылдау қабілеті – бұл Елбасының әрдайым ерекше қасиеті болып табылады. "Болашақ" бағдарламасы да өзге болмады. Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында-ақ ол жаңа экономикалық жағдайдағы жаңа саяси және әкімшілік мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қайнар көзіне айналды. 

- 90-жылдардың басы – шекаралар енді ашыла бастаған мерзім болды, жастарды "белгісіздікке" жіберу қорқынышты болмады ма? 

- Бұл уақытқа қарай әлем екі жылдай бізге ашық болып тұрған еді. Ол соншалықты қорқынышты болмады. Сондықтан "шетелдік" осыншама қорқынышты болмады. Әрине, алғаш рет сапарға аттанған біздің жастарымыз үшін сәл уайымдадық. Сонда да олар лайықты оқып, Қазақстанның атынан өкілдік ететініне сенімділік болды, өйткені іріктеу айтарлықтай күрделі болды. 

- Бірінші ағым туралы айтып беріңізші. Алғашқы қатысушылар қаншалықты көп болды? Сіздің есіңізде қалғандар бар ма? Іріктеу қалай өтті? Халықты "Болашақ" стипендиясына іріктеу туралы қалай ақпараттандырылды?

- Менде бірінші іріктеудің тізімі әлі де сақталған. Үміткерлер іс жүзінде қазіргі әдіс арқылы іріктелді. Тестілеу, әңгімелесу болды. Халық БАҚ арқылы кеңінен ақпараттандырылды. Нәтижесінде 1994 жылы АҚШ-қа оқуға 120 адам, Ұлыбританияға 32 адам, Германияға 29 адам және Францияға 8 адам аттанды.

Барлығы 189 стипендиат. Бұл ең "жұлдызды" іріктеулердің бірі болатын. Олардың аттары қазір баршаға мәлім: Мағжан Әуезов, Бауыржан Байбек, Азамат Абдымомунов, кардиохирург Дмитрий Горбунов және басқа да көрікті жігіттер мен қыздар, олар қазір енді ересек болды.

- «Болашақ» бағдарламасы тәуелсіз Қазақстанның қатарласы болып табылады. Сіздің ойыңызша, бағдарлама жас мемлекеттің қалыптасуына қалай ықпал етті? Оның дамуына қандай үлес қосты? Бұл мерзімде қандай оң нәтижелерге қол жеткізілді? Болашаққа қатысушылар мемлекетке не берді (басқару дағдылары, жаңа технологиялар, ғылыми жетістіктер және т.б. тұрғысынан).

- «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанның дамуына көп деңгейлі әрі мультипликативтік әсер етті. 9 мыңнан астам адам бағдарламаның түлегі болып табылады. Олардың басым бөлігі оралып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып жатыр, мемлекеттік құрылымда, бизнесте, халықаралық және басқа да ұйымдарды міндетті жұмыс істеп өтеп жатыр.

Барлық салалар жеделдетілген жаңғыртуға белсенді қатысқан кәсіпқойлардың жаңа ұрпағы қалыптастырылды. 

«Болашақ» бағдарламасының түлектері меритократия қағидаттары негізіндегі мемлекеттік қызметтің жаңа моделін әзірлеуге; инновациялық құрылымдарды институализациялауға («Бәйтерек» және «Парасат» холдингтері, НАТР, «НИТ» АҚ және т.б.); заманауи стратегиялық жоспарлау және менеджментті енгізуге; жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға (оқытудың кредиттік технологиясы, кадрларды үш деңгейлік даярлау жүйесі: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура); отандық медицинаның жаңа бағыттарын дамытуға (балалар кардиохирургиясы, трансплантология), сапаның және емделуші қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізуге; дағдарыс-менеджментін енгізуге, инвестицияларды тартуға және қаржы нарығындағы жағдайды болжауға, банк секторын жетілдіруге белсене қатысты.

«Болашақ» түлектері еңбек нарығында "дені сау" бәсекелестікті жасады, елдегі адами капитал сапасының артуына ықпал етті. Қоғамның дарынды жастарға, соның ішінде өңірдерден және жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастарға арналған "әлеуметтік лифт" маңызды құралы пайда болды. Әлеуметтік тұрғыдан 60 % стипендиаттың ата-анасы бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейді, зейнеткерлер, жұмыссыздар, әскери адамдар және т.б. болып табылады. 2%-ының ата-анасы жоқ. 38%-ының ата-анасы жекеменшік секторда жұмыс істейді. 

«Болашақ» түлектерінің қауымдастығы көптеген маңызды әлеуметтік жобаларды іске асырады. Қауымдастық жыл сайын бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтің резервіне автоматты түрде қабылдау тәжірибесі бар. 

«Болашақ» стипендиясы Майамида Going Global VIII халықаралы конференцияда 11 ұқсас бағдарламаның арасынан үздік стипендиялық бағдарлама деп танылды (2014ж.).

«Болашақ» бағдарламасының экономикалық әсері туралы айтатын болсақ, кәсіптік білімге жұмсалған 1 доллар мемлекетке 2 доллар мөлшерінде табыс әкеледі деген жалпыға мәлім және дәлелденген тұжырым бар. Мен бағдарламаның нақты шығындарын білмеймін. Бірақ егер, мысалы, «Болашақ» бағдарламасына 150 млрд. теңге жұмсалса, онда оның Қазақстан үшін экономикалық әсері 300 млрд.теңгені құрайды. Және бұл әсер бағдарлама түлектерінің жетістіктерімен бірге жылдан-жылға артатын болады.