You are here

Ата-ана - алғашқы оқытушы

Printer-friendly versionPDF version

«Вестник Востока» газеті, желтоқсан, 2015ж.

Құрылысшы іргетастан бастағандай, ата-ана да тәрбиелеуді баланың ерте балалық шағынан бастайды. Бала тұлға болып қалыптастыруының сенімді бастамасының негізгі факторлары ата-анасының күтімі болып табылады.

ЮНЕСКО-ның деректері бойынша, 5 жасқа дейінгі балалардың қаза болуы 40% жағдайда отбасындағы күтім жасау тәжірибесінің қанағаттанарлықсыздығы мен ата-аналардың баланың дұрыс дамуы туралы ақпараттылығының төмен болуы себеп болып отыр.

Қазақстанда сәби өлімінің коэффициенті 1000 тірі туғандарға шаққанда 9,3 жағдайды құрайды. Дамыған 30 елдің қатарына кіруі осы көрсеткіштің жылына 4,1 жағдайға дейін төмендеуін талап етеді (Гонконгта 1,6, Норвегия және Жапонияда 2,2). Қазақстандағы 0-ден 3 жасқа дейінгі 1,1 млн. балалардың күтімі және дамуы отбасында жүзеге асырылады. Қолда бар әлеуметтік зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан Қазақстанның ата-аналарының жартысынан көп бөлігі өз балаларын күту және дамыту мәселелері жөнінде өзінің төмен функционалдық сауаттылығын, әлсіз ақпараттануын көрсетеді.

Әрине, ерте жастағы балаларды дамытудың педагогикалық әдістемелерінің негіздерін,  олардың жас ерекшеліктерін білмеу бала дамуындағы бұзылыстарды түзету қажеттілігін кеш анықтауға әкеледі, сондай-ақ әрі қарай - әлсіз зияткерлік дамуына және мектептегі нашар үлгерімге әкеліп соқтырады.

Мектепке дейінгі кезеңде күтім және білім егіз жүреді және өмір бойы оқыту үшін берік негіз құруда шешуші роль атқарады. Балаларды мектепке жақсы даярлау ата-анасы жасайтын жағдаймен тығыз байланысты (сатып алынған кітаптар саны, дамытушы ойындар, кітапті балалармен бірлесіп оқу жиілігі, бос уақытты бірлесіп өткізудің құрылымы және т. б.).

Кітап оқу мәдениеті берік орнатылған отбасыларда балалар жақсы нәтиже көрсетеді. Мәтінді оқу мен түсінуде жоғары нәтижелер көрсететін балалардың 57% ата-анасы әр күн сайын бірлесіп кітап оқумен уақытты өткізгені анықталды. Салыстыру үшін, мәтін оқуда қиындықтары бар балалардың тек 16% ата-аналары ғана бірлесіп кітаптар оқиды.

Қазақстанда сұралған респонденттердің тек 34% ғана мектепке дейінгі жастағы балаларына үнемі кітап оқиды екен. Аналар балалармен кітапті бірлесіп оқуға уақытты жиірек бөледі, ал Қазақстандағы әрбір алтыншы әкенің уақытының жоқтығы анықталғанды. Әкелер бірлесіп теледидар көру және АКТ игеруге бағытталған.

Алайда, бүкіл әлемде жиі оқитын адамдардың азаю тренді байқалады. Ата-аналар балаларға ұйықтар алдында кітаптарды сирек оқитын болды. Ұлыбританияда ата-аналардың 64%-ы балалармен (7 жасқа дейін) кітап оқиды, оның ішінде әрбір бесінші мұны әр түн жасайды. Шамамен 7 жасқа дейінгі балалардың 4% (250 мың) жеке кітаптары болмайды. Апта сайын оқитын 13-жастылардың үлесі 1984 жылдан  70%-дан 53%-ға төмендеді. Ешқашан немесе ешқашан дерлік оқымайтын 17-жастағылардың үлесі 9%-дан 27%-ға үш есе өсті[1].

АҚШ зерттеулеріне сәйкес, 1965 жылмен салыстырғанда, қазіргі кезде ата-аналар бала күтіміне көбірек уақыт бөледі. Егер әйелдерде осы уақыт 10-нан 14 сағатқа өссе,  ерлерде ол 4 есе өсті (аптасына 2,5-тен 10 сағатқа). Дегенмен, жоғары қарқынды дамуды көрсеткен Азия елдеріне (Корея, Сингапур және т. б.) өтпелі экономика кезеңінде ұзартылған жұмыс күні тән болды.

Белгілі болғандай, қазіргі заманғы отбасы қоғам тіршілігінің көптеген салаларына қосылған. Сондықтан, отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлар әсер етеді. Қазақстандық отбасы да ерекшелік емес. Қазақстандағы зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанның ірі қалаларындағы жұмыс күнінің ұзақтығына байланысты ата-аналар баланың дүниетану қызығушылығын қолдауға қажетті уақытқа тапшы болады.

Тәжірибе жүзінде әйелдер еңбек нарығында ерлермен қатар тұр (қатынасы - 0,91, рейтингтегі орын -26) [2]. Ал, балалардың интеллектуалдық қабілеттеріне  ана хромосомаларының үстем әсер ететіні генетиктермен анықталды. Сонымен қатар, баланың ақыл-ой дамуына анасының тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени ортасының үлкен ролі көрсетіледі [1]. Анасының  ақыл-ойы және жалпы білім деңгейі баланың дамуына ықпал ету  фактісін көптеген қарқынды дамыған елдерде мемлекеттік деңгейде түсіну анық саяси бағытты әзірлеуге әкелді.

Біздің елімізде баланың дамуына аптасына бір реттен кем емес көңіл бөлетін ата-анасының үлесінің өсуі байқалады (8%-дан 2007ж. 10%-ға дейін 2014ж.). Астана қаласы мен Ақмола облысындағы ата-аналар өз балаларына уақытты аз бөлетіні белгілі болды. Ата-аналар баламен келесі қызмет түрлерін жасауды таңдайды: серуендеу (47,9%), ойын (41,6%), кітап оқу (33,9%), теледидар мен бейне материалдарды көру (27,5%). Шығармашылық қызмет түрлерімен - ермексазбен жұмыс жасау, сурет салу, құрастыру, ән айту - ата-аналар айтарлықтай азырақ айналысады. Қазақстандық ата-аналардың айтарлықтай бөлігі (38%) балаларды мектепте оқуға дайындау кезінде қажетті керек-жарақтарды сатып алумен ғана шектеледі. Психологтар мен әлеуметтанушылар қазіргі заманғы балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын ретінде ата-ана міндеттерін толық атқармау жалпы үрдісімен ерекшеленетінін сипаттайды.

Сонымен, ата-аналармен дербес немесе мамандардың көмегімен қамтамасыз етілетін балаларды мектепалды жақсы даярлылығы балалардың мектепке тез бейімделуіне, тиімді сабақтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дәл осы жаста баланың әлсіз және күшті жақтарын анықтау және олармен жұмыс істеу қажет, бұл мектепке қалыпты және стресссіз үйренуге мүмкіндік береді.

Зейнеткерлік жасты ұлғайту мен кеңейтілген үлгідегі отбасылар санының азаю үрдісі әжелер мен аталардың балаларды тәрбиелеу және күтуге азырақ көмектесуге әкеліп соқтыруда. Осыған байланысты ересектердің тәрбиелеу жөнінде отбасы және қоғам құндылықтары мен дәстүрлері бойынша тәжірибені ретрансляциялау әлсірей бастады. Ата-аналар қажетті педагогикалық білімі мен бала күту дағдылары жоқ бала күтуші қызметтеріне жиі жүгінеді, бұл бала дамуының неғұрлым қабылдағыш кезеңіне немқұрайлылық және  толық әлеуетті пайдаланбау жағдайларына әкеледі.

Ата-ананың ерте жастағы даму мәселелеріндегі сауаттылығы және хабардарлығы жас қажеттіліктеріне сәйкес қажетті ойыншықтар таңдау да байқалады. Сұралған ата-аналардың тек төрттен бірі ғана балаға ойыншықты алып бермес бұрын оның нұсқаулығымен және жас шектеулерімен танысады. Ата-аналардың көпшілігі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» заңының талаптарымен таныс емес.

Мысал үшін, 1990-2011жж. статистиканы алып қарайтын болсақ, АҚШ-та ойыншықтармен байланысты жарақаттарымен жедел жәрдем көмегіне жүгінген балалар саны 3,2 млн. болды. Осы кезеңде балалардың ойыншықтармен байланысты жарақаттар коэффициенті 40%-ға артты. Зардап шеккен балалардың жартысынан астамының жасы 6 жасқа дейін болса, пациенттердің 63%-ы - ұлдар, және ең қызықтысы оқиғаларының көбісі үйде болады екен [2].

Үлкен көлемді ақпараттың жаңа ғасыры ата-аналардан жаңа дағдыларды қалыптастыру мен дамытуды талап етеді. Балаларды қауіпсіз ақпараттық ортамен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Алайда біздің елде мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығы және дамуына зиян келтіретін тиіссіз ақпаратты тұтынудан қорғау әдістерімен ата-аналары жақсы таныс емес. Ата-аналардың балалардың ақпараттық кеңістігін реттеу машықтарының болмауы қажетсіз ақпаратты еріксіз көру және тыңдау жағдайына әкеледі. Осылайша, елдегі интернет желісінің даму қарқынымен бірге ата-аналар мен балалардың ақпаратты тұтыну мәдениеті де қалыптасуы тиіс.

Қазіргі уақытта, ерте жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесінде әр түрлі педагогикалық әдістемелер әзірленген, бала дамуы мәселелеріндегі сауаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін ата-аналарды оқыту бағдарламалары маңызды орын алады. Алайда, Қазақстанда балабақшалар жадындағы кеңес беру пункттері шеңберіндегі қазіргі ата-аналарды ақпараттандыру жүйесі тиімсіз жұмыс істейді және олардың қызметтері халық арасында аз сұранысқа ие. 0-ден 3 жас аралығындағы 1329 бала ғана қамтылады.

Ата-аналарды ақпараттандыру мәселесін тиімді шешуде қашықтықтан оқыту курстары ерекше орын алады. Қашықтықтан оқыту курстарының үлкен сандық және географиялық қамту, тәулік бойы қол жеткізу, оқыту процесінің икемділігі сияқты мүмкіндіктері бар екені белгілі, сондай-ақ, қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыруға аз шығын шығындалатыны да маңыздылығы аз емес факторларының бірі ретінде жатқызуға болады. Бұл әдіс, ата-аналарды қашықтықтан оқыту курстары арқылы оқытуды ұйымдастыру, көптеген дамыған елдерде, мысалы, АҚШ, Жаңа Зеландияда, Кореяда кеңінен қолданылады, және миллиондық аудиторияны қамтуға  қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту курстарының артықшылықтарын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2015 жылы Германия үлгісімен (STARKE ата-аналарды оқыту бағдарламасы), Австралия үлгісімен (Parents as Teachers) веб-құрылымдар негізінде қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу басталды. Бұл құрал ата-аналар мен осы салада қызмет көрсететін кәсіби қатысушылардың сапалы бейресми білім беруді ұйымдастыру қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.