You are here

Балалардың мектепке дайындығы

Printer-friendly versionPDF version

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамасы» журналы, 2015ж. қараша

Қазіргі заманғы Қазақстанда балалардың мектепке дайындығы мектепке дейінгі білім беру сапасымен анықталады. 2014 жылы міндетті мектеп алды дайындықтан 99,6% бала өтті.

Мектепке дейінгі мекемелердің (бұдан әрі - МДҰ) ішкі мониторингінің деректері балалардың білім құзыреттерін игеруінің жоғары деңгейін (86%) көрсетеді. Алайда, сауалнамаға сәйкес, ата-аналардың үштен бірі балаларды мектепке дайындауға арналған қосымша қызметтерді пайдаланады. Сондықтан, бастауыш мектеп мұғалімдерінің көпшілігі бірінші сынып оқушыларының дайындығы әр түрлі деңгейде екендігін айтады.

PISA-2012 қорытындысы бойынша ЭЫДҰ елдерінде МДҰ-ға барған және бармаған балалардың үлгерімі арасындағы айырмашылық 66 баллға тең, қазақстандықтарда бұл - бар жоғы 32 (52%-ға кем). Осылайша, халықаралық зерттеулер Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру сапасының салыстырмалы түрде төмен екендігін көрсетеді.

МДҰ түлектерінің одан әрі білім алуға дайындығының сапасын кім және қалай анықтайды?

Бүгінгі күнге дейін, ұлттық деңгейде балалардың мектепке дайындығының сапасын сыртқы бағалау жүзеге асырылған жоқ. Осыған байланысты, КР Білім және ғылым министрлігі 2015ж. мектеп алды дайындық сапасының мониторингі бойынша МДҰ қызметін зерттеуге бастама жасады. Зерттеуді ҚР БжҒМ Ақпараттык-сараптамалык орталығы еліміздің 5 аймағынан 3 600-ден астам мектеп алды дайындық субъекттерін (тәрбиешілерді, бастауыш мектеп мұғалімдерін, әдіскерлерді, басшылар мен тәрбиеленушілерді тарта отырып, 54 білім беру мекемелерінде өткізді.

Нәтижесінде бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру сапасы қамту параметрлері бойынша бақыланатыны белгілі болды: желінің, педагогтардың сапалық-сандық құрамның, МТБ, бағдарламалардың, жоспарлардың т. б. бар болуы. Түлектердің дайындық деңгейі ішкі мониторинг нәтижелері бойын­ша анықталады, оның әдістемесін МДҰ өз бетінше таңдайды. Оның үстіне «Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының базалық мазмұнын меңгеруі мен игеруінің сапасын бағалау және өлшеу әдістемелерін» (Астана, 2004) МДҰ-лардың 57%-ы қолданады, 24%-ы - «1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың құзыреттілік даму көрсеткіштерінің жүйесін» (Костанай, 2010), 19%-ы - басқа диагностикаларды пайдаланады.

Стандартталған құралдардың жоқтығы деректердің объективті болмауына жиі әкеледі, сондықтан қорытынды мониторингінің көрсеткіштері балалар құзыреттілігінің бастапқы деңгейінен 50-70%-ға артық.

Осылайша, Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінің (24.12.2007ж. №1270 Үкімет қаулысымен бекітілген) 25-тармағына сәйкес ішкі бағалаудың растығын сыртқы сарапшылардың кез келген тікелей өлшеуі немесе балаларды тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейін мемлекеттік бақылау орташаландырылған деректерге қызметкерлермен, ата-аналармен жүргізілген пікіртерімдерге және МДҰ-ның өзін-өзі бағалау материалдарына негізделеді. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Т. Н. Даированың пікірінше, ішкі бағалау, субъективті сипатта болады, өйткені оның, соңғы нәтижесі бағалаушының дайындық деңгейі мен жеке тәсілдеріне байланысты. Бағалаудың объективтілігін арттыру үшін, ОЖСБ, ҮБТ, ТКТ сияқты сыртқы өлшемдер рәсімдері жүргізіледі. Ең жоғарғы тиімділікке ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерін салыстыру және талдау кезінде ғана қол жеткізуге болады.

Елдердің халықаралық тәжірибесін зерттеу МДҰ түлектерін қорытынды аттестаттаудың ең сұранысқа ие және жиі қолданылатын әдісінің болуы керектігін көрсетеді. Мысалы, 2012 ж. ЭЫДҰ елдері арасында мектеп жасына дейінгі балаларды тікелей тестілеуді пайдаланған 5 ел болған болса, қазір олардың саны 7-ге жетті. Мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін бағалаудың бірыңғай стандартталған құралы республика бойынша балалар дайындығының теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Австралияда, Канада және Америка Құрама Штаттарының кейбір аумақтарында деректер әрбір 2-3 жыл сайын жиналады және мектепке дейінгі білім беруді дамытудың Ұлттық стратегияларының негізгі мақсаттарының жетістіктерін талдаудың негізін құрайды.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның 2014 Баланы дамытуды тегіс қамту индексінде және Білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығының (IЕА) 2013 ж. кіші жастағы балалардың біліміне жүргізілген зерттеулерінде балалардың мектепке дейінгі білім беру мақсаттарына сәйкес келуі жөніндегі параметрлер қамтылған.

Ақпараттық-талдау орталығының зерттеу деректері бойынша Қазақстанда тәрбиеленушілердің жетістіктерін қорытынды бағалау кезінде МДҰ-лардың 70 %-ы бағалаудың жанама әдістерін (бақылау, портфолио, т. б.), ал 30 % - тікелей тестілеуді қолданады. Қазіргі кезеңде МДҰ-дағы сапаны ішкі бағалауды біріздендіру мен мемлекеттік мониторинг және сыртқы бағалау рәсімдерін бақылау жүйесін енгізу қажеттілігінің  кезі келді.

КР БжҒМ-да балаларды мектепке дайындау сапасын арттыру және мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру аясында жұмыстар жүргізуде. Білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында «Мектепте жаңа стандарттар бойынша оқытуға арналған жеткілікті дағдылар мен машықтарды игерген балалар үлесі» индикаторы қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стан­дарты 6-7 жастағы балалардың құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптармен толықтырылды. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы» және «Балаларды мектеп алды даярлаудың жалпы білім беретін бағдарламасы» сынақтан өтуде. Ақпараттық-талдау орталығы МДҰ-да балаларды мектеп алды дайындаудың са­пасын Баланың мектепке дайындығы әмбебап картасымен және 6іріктіртген диагностикалық құралдармен бағалау әдістемесін әзірледі. Зерттеуді 2016-2017 жылдары жалғастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұлттық рейтингін жасауға бағытталған.

Бұл шаралар балалардың мектепке дайындығы туралы сұраққа анық жауап беруге, стейкхолдерлер үшін нәтижелерге ақпараттық қол жеткізілімді ашуға және Қазақстанда мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығын жаңғыртуға көмектеседі.


1. OECD (2013), PISA 2012 Results: Excellence Through Equity: Giving Every Student the Chance to Succeed (Volume II), PISA, OECD Publishing

2. The development status of children varies widely among countries and is weakest in the areas of literacy and numeracy. http://data.unicef.org/ecd/development-status/

3. Правила государственной аттестации организаций образования (ППРК от 24 декабря 2007 года № 1270)

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені дамыту департаментінің бас талдаушысы
Бас талдаушы, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені дамыту департаменті