You are here

БІЛІМ БЕРУ ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕВОЛЮЦИЯДАН ҚАЛАЙ АМАН САҚТАЙДЫ

Printer-friendly versionPDF version

Караван, 08.09.2016ж.

Сән бе, бейімділік пе?

– Серік Әзтайұлы, БҒМ талапкерлер арасында гранттарды жақында ғана үлестірді. Әдеттегідей, кейбіреулердің көңілдері толмады, өйткені анағұрлым әйгілі мамандықтарға үздіктердің өздеріне де гранттар жетіспеді. Мүмкін, жастарға елімізде қандай мамандықтар сұранысқа ие және оқуға қайда түскен дұрыс екені туралы жиірек айту керек шығар?

– Әлдеқашан, он бесжылдай бұрын, біздің “Дарын” орталығымыз балалар өздерінің болашақ мамандықтарын қаншалықты саналы таңдайтындары туралы сауалнама өткізді. Сауалнамаға қатысқандардың 70 пайызы өз таңдауларын достарының, ата-аналарының кеңестері негізінде жасады, яғни әлеуетті мамандардың 70 пайызы санаға салынбаған таңдау жасады. Бұл өте қорқынышты, өйткені санаға салынбаған таңдау мамандыққа деген төмен қызығушылыққа, нәтижесінде ЖОО түлектері білімінің төмен деңгейіне әкеліп соқтырады. Қазіргі жағдай қандай екенін білмеймін, бірақ үрдіс айтарлықтай өзгерді деп ойламаймын. 

– БҒМ тарапынан насихаттау жеткіліксіз болуы мүмкін бе?

– Мәселені кешенді түрде шешу керек. Бірінші кезеңі – балалардың қабілеттерін ерте анықтау, бейіналды дайындық және бейіндіру, балалар мектепті аяқтағанда, қандай іс жанға жайлы екенін білуі керек. Сонымен қатар балаға жақын арада қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын және қалай төленетінін, бұдан әрі: талапкер мүмкінді мамандықты таңдайтынын, бұған қайда үйренуге болатынын, бұл қанша тұратынын түсінуге мүмкіндік беретін қуатты ақпаратты жүйе құрылу керек. Бұндай ақпараттық жүйелердің аналогтары әлемде бар, қазіргі таңда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп бұл мәселемен тығыз айналысып жатырмыз. 

Білместер және жанжалдар

– Орта техникалық білім беруге де бағыттайсыздар ма?

– Дүниежүзінде қазіргі кезде жоғары білім массификация үрдісі байқалады. Көптеген дамыған елдер жоғары білімі бар халықтың үлесін 60 пайызға дейін жеткізу мақсатын қойып отыр. Неліктен солай болды? Технологиялар өте тез дамиды, бұрын жоғары білімді талап етпеген көптеген мамандықтар қазіргі кезде жоғары біліктілікті қажет етеді. Сонымен қатар, бұл біреу үшін еңбек ресустарының деңгейін жоғарылату әрекетінен гөрі халық білімін жаппай жоғарылату қызметін орындау әрекеті шығар.

Мынандай сандар бар: ЖОО түлектерінің 5 пайызы қалған 95 пайыз үшін жұмыс орындарын жасайды. Яғни қоғамның  әл-ауқаты жалпы жоғарылап келеді.

– Ал жасалған бұл жұмыс орындары шынымен жоғары білімді талап етеді ме?

– Әрине, тәуекелдер бар. Жоғары білім массификациясы инновациялық экономикасы бар елдер үшін жақсы. Инновациялық әлеуеті жоқ мемлекеттерде сапасыз жоғары білімі бар адамдардың көп саны күрделі мәселе болып табылады. Өйткені адамдардың үміттері мен талаптары жоғарылатылған, өмір болса, өз сценарийі бойынша жылжиды, ал бұл адамдар әртүрлі революцияларды дамытудың қолайлы ортасына айналады. Мен 2010 жылы Туринде болдым, сондағы сарапшылар мынандай қорытынды жасады: білім беру жүйесінің еңбек нарығымен сәйкес келмеуі солтүстік африка елдеріндегі революция себептерінің бірі болды. Египет студенттерінің 70–80 пайызы экономика және құқықтану факультеттерінде білім алды, ал елге аграрийлер, туризм менеджерлері керек болды жән т.б.

– Сонда жұмысқа тұрмаған ЖОО түлектері қолдарына қару алды ма?

– Білім мен соғыс арасындағы байланыс бұрыннан дәлелденген. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі факторлардың бірі болып табылады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ғылыми-техникалық даму, білім беру мен қоғамдағы жанжалдардың өзара байланысын зерттеді. Және мынандай қорытындыға келді: технологиялардың дамуы елдердің дамуынан озғанда, қоғамда және елдер арасында әлеуметтік теңсіздік ұлғаяды. Күшті елдердің көршілерінің есебінен бұдан да күшті болу мүмкіндіктері туындайды. Елдер ішінде де осыған ұқсас жағдай пайда болады. ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция нәтижесінде әлемде өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңына дейін 12 ұлттық-азаттық көтеріліс, 7 революция, 84 соғыс, соның ішінде 2 дүниежүзілік және 16 азаматтық соғыс болды, 100 миллионнан астам адам қаза болды.

Қазір де осындай жағдай. Техникалық революция болды, ал білім беру өткен ғасырдың ортасындағы өсуден кейін технологиялардың дамуына ілесіп үлгермей жатыр. 

“Қуыспақ” ойнау

– Қазақстан артта қалғандардың қатарында ма?

– Дәлірек айтсақ, қуып жетушілердің қатарында. Өткен ғасырдың 80-жылдары озық елдер біліммен қатар, ақпаратты іздеу, іріктеу және пайдалану дағдыларын беру керек екенін түсінді, білім беру құзыреттіліктерге негізделетін болды. Әлем бұған 90-жылдардың басында келді, бірақ бізде КСРО-ның ыдырау кезеңі болды, білім беру мәселелері назардан қалды. 1997 жылға қарай әлем бұл құзыреттіліктерді қалай өлшеуге болатынын ойлап тапты, 15 жастағы жасөспірімдерге арналған PISA тесттері пайда болды. Қазір ЭЫДҰ 2030 жылға дейін әлемдік білім беруді дамыту тұжырымдамасын жасап жатыр және 2021 жылы оны енгізе бастайды. 

Біз PISA тесттеріне енді ғана қатыса бастадық. Өткен жылдан бастап еліміздің 30 мектебінде білім берудің құзыреттілік бағдарламасын енгізіп көрдік. Қыркүйектен бастап бұл тәжірибе басқа мектептерде қолданылады. Қала және ауыл тұрғындары арасындағы сандық (цифрлік) теңсіздік мәселесін шешумен де қамданып отырмыз. Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен 2020 жылға дейін барлық қазақстандық мектептерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықтау қарастырылды. Бұл кеңжолақты Интернет болуы мүмкін, бұнда біз "Сандық Қазақстан" бағдарламасына үлкен үміт артып отырмыз, оның шеңберінде “Қазақтелеком” 250 астам адам тұратын барлық ауылдарға Интернет өткізуге уәде етті. Немесе, шалғай ауылдарда орналасқан шағын жинақты мектептер туралы айтатын болсақ, бұнда барлық материалдар салынған қуатты сервер орналастырып, балаларға ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді жоспарлап жатырмыз.

Қазір ақпараттық технологиялар білім беруде революция жасады. Әлемнің үздік ғалымдарының үздік лекциялары қолжетімді болды. Біздің мақсатымыз – кез-келген қазақстандықтың бұл білімге қосылу мүмкіндігіне ие болуы үшін жағдай жасау.

– Оқушылардан көп нәрсе талап етіп жатқан жоқпыз ба оған қоса еліміз үштілділікке бағыт алып отыр?

– Менің голланд танысым бар. Бір күні ол Нидерланды заманауи білім беру жүйесі ол оқыған кезге қарағанда анағұрлым әлсіз екенін айтты. Мен одан бұл неден байқалады деп сұрадым. Ол заманауи мектеп түлектерінің небәрі екі шетел тілін білетініне өкінеді екен, өйткені бұрын төрт тілді білу керек болатын. Бірақ бұл да оның шегі емес. Тілдерді оқытуға әлемнің барлық елдерінде баса назар аударылады. Қазірдің өзінде еуропалықтардың 54 пайызы кем дегенде бір, 25 пайызы – екі, 10 пайызы - үш шетел тілін біледі. Әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің бірі - Япония өз балаларын 12 жасқа дейін шетел тіліне үйретпейді деген пікір бар. Бұл жалған! Мамырда ЭЫДҰ Париждегі мәжілісінде болдым, және Жапония өкілі 2020 жылға қарай оның елі ағылшын тілді емес мемлекеттер арасында ағылшын тілін меңгеру көрсеткіші бойынша көшбасшы болуды жоспарлағанын айтты. Қазір бұл мемлекет осы рейтингтің 30-орнында, ал Қазақстан 54-орнында тұр. Және олар үшін 30-орын – ұлттық трагедия. Көрсеткіштерді жақсарту үшін олар осы жылдан бастап ағылшын тіліне 3–4-сыныптарға аптасына екі сағат, 5–6-сыныптарға үш сағат бөледі.

Яғни Қазақстан үшін бірнеше тілді оқу – қисынсыз тілек емес, қажеттілік. Егер біз білім беру жүйесіне әлемдік үрдістер мен талаптарға сәйкес өзгертулер енгізбейтін болсақ, біздің үрдістен шет қалу тәуекеліміз бар.