You are here

БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ?

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел –образованная страна" газеті, 2015ж. 3 қазан, №19

“Әлемдік экономика адамдар не білетіне емес,

олар білетіндерімен не істей алатына енді төлемейді"

 Андрес Шлэйхер, ЭЫДҰ Білім департаментінің директоры

 

Біздің балаларымыз жазу, есептеу және оқудан басқа қандай дағдыларға ие? Алған білімдерін өмірде қолдана алама, қоғамға бейімделе алама? Нақты мәдени ортада адамның өмір сүруі үшін минималды қажетті қабілеттер функционалдық сауаттылық деп аталады. Өкінішке орай, бүгінде Қазақстанда функционалдық сауаттылықтан бұрын, функционалдық сауатсыздық туралы көп айтылуда.

1997 жылы ЭЫДҰ 15 жастағы жас ұрпақтың құзыреттілік деңгейі мен сапасын бағалайтын PISA бағдарламасы бастау алды.   Дәл осы жаста негізгі мектептің білім бағдарламасын игеру аяқталады. Зерттеудің мақсаты – нақты өмірлік жағдайлар негізінде, пәндер бойынша білімдерін іс-жүзінде қолдана білу дәрежесін бағалау.

PISA-2012 нәтижелері бойынша Қазақстанда орташа статистикалық 15 жастағы азамат ЭЫДҰ елдерінің орташа статистикалық білім алушыларынан оқу бойынша 2,5 жылға, жаратылыстанудан 2 жыл және математикадан 1,5 жылға артта келеді. PISA-да бір оқу жылы 40 балға тең екені ескеріледі. [1].  Қазақстан оқушылары «21 ғасыр дағдылары» деп аталатын білім аясында дағдылардың аз дамығанын көрсетуде.

PISA нәтижелері PISA индексінде біріктірілген экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәртебесі сияқты бірнеше факторларға тәуелді. Индексті есептеу кезінде әл-ауқаты, мәдениет деңгейі және ата-анасының білімі туралы оқушылардың берген ақпараттары пайдаланылады[1]. 

Жағымды отбасы ортасы білім алушылардың  жақсы акадамиялық жетістіктеріне септігін тигізеді. Ата-аналар балаларының оқу мәдениеті мен қызығушылықтарын тәрбиелейді, үй тапсырмаларын орындауға көмектесіп, мектеп аясындағы оқыту үдерісіне тікелей қатысады. Толық емес жанұяларда жағымды отбасылық жағдайды құру қиындау болады ЭЫДҰ елдерінде халықаралық зерттеудің 15-жастағы қатысушыларының 13% ата-аналардың бірі ғана бар отбасында тұрады, осындай білімгерлер мен толық отбасы бар құрдастарының арасындағы аражік 15 ұпайды құрайды (шамамен жарты жыл оқу).

Қазақстанда табысы төмен отбасынан шыққандар ата-аналары жоғары жалақы алатын құрдастарына қарағанда 32 ұпайға төмен нәтиже көрсеткен (бір жыл оқуға жуық).  Ата-аналарының жоғары білімі бар білімгерлер ата-аналарының білім деңгейі төмен білім алушыларымен салыстырғанда 44 ұпайға жоғары екенін көрсетті. Бұл ата-аналардың балалардың оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз ету қабілеттерінің шектеулеріне байланысты екені түсіндіріліп отыр [2].

Мәдениет деңгейінің талдауы ҚР оқушыларының 50 пайызынан кемінің үй кітіпханасының жоқ екенін көрсетті.  Зерттеуге қатысқан Қазақстандық білім алушылардың үйдегі кітапханасындағы орташа кітап саны 156 бірлік, бұл ЭЫДҰ елдерінен 100 кітапқа кем. ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіші 97 пайыз, қазақстандық зерттеуге қатысушы білім алушылардың тек 55% ғаламтордан ақпарат алуға мүмкіндіктері бар.  Тұтас алғанда, осы факторлардың топтарының ұпайларының тәуелдігі математика бойынша 27 ұпай, жаратылыстанудан және оқудан 30 және 34 ұпайларға сәйкес[3].

PISA нәтижелері әлемдік рейтингтерді есептеуде (жаһандық бәсекеге қабілеттілік IMD деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингі және БҰҰ адам даму индексі), сонымен қатар елдерде білім беру саласында саяси шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады. IMD рейтингінің нәтижесі бойынша 2012 жылмен 2009 жылды салыстырғанда Қазақстан 36 орыннан 32 көтерілді [4]. Мұндайдың бірден бір себебі 2009 жылмен салыстырғанда PISA-2012 ұпайларының математикадан 27, жаратылыстануда – 25 және оқудан 3 ұпайға жоғарылауы болып табылады.   

Осылайша, балалардың жетістіктері кешенді факторларға, оның ішінде ата-аналарының жетістіктеріне, сонымен қатар олардың оқу процесіне қатысу деңгейіне байланысты. Ата-аналар балаларын қосымша үйірмелерге жіберу және әдеби кітаптар сатып алу сияқты білімдеріне еңбектерін сіңіру керек.  Сонымен қатар, ата-аналар өздері үнемі өз білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, балалары үшін үлгі болуы керек. Білім деңгейі төмен адамдар білім деңгейі жоғары әріптестеріне қарағанда 30% - 42% аз табыс табады[4]. Сондай-ақ, білім деңгейі төмен жас ұрпақ ертеңгі күні білімі төмен өз балаларының білімге қатысты үміттері аз ата-ана болады. Бұл болашақта қоғамның әлеуметтік бөлінуіне әкеліп соғады.

Дүниежүзілік сауаттылық қоры дәлелдегендей, ата-аналарының білімі бар балалар мектепке барғанда үш есе артық сөз естиді [5]. Бұл баланың сөздік қорына және дамуына әсер етеді. Егер ата-аналар өз балаларының біліміне белсене қатысып және өз дағдыларын жақсартуға тырысып жатса, тәрбиесіндегі, үлгеріміндегі және қатысуына байланысты проблемаларды жояды. Соңында, осы мемлекеттің экономикалық өсу көрініс табады. ЭЫДҰ бойынша, егер қазақстанның барлық 15-жастағы балалары PISA-да (500 ұпай) құзыреттіліктің базалық деңгейіне жеткен жағдайда 40 жылда елдің ЖІӨ 3,5 пайызға көтерілуіне әкеліп соғады[6].

Дереккөздер:

1) Білім беру жүйесін нығайту. PISA  зерттеуінің нәтижелерін талдау, 2009 және 2012 жылдары өткізілген. Дүниежүзілік банкінің есебі 2013 ж.;

2) «PISA 2012 нәтижелері» ЭЫДҰ халықаралық есебі (2013); 3) «PISA 2012 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есеп (2013);

4) http://www.imd.org/;

5) Дүниежүзілік банкінің сауаттылық есебі «Сауатсыздықтың әлеуметтік-экономикалық шығындары: жаһандық мән мәтіндегі сауаттылыққа көзқарасы» (2012) ;

6) http://www.bbc.com/news/business-32608772 

Менеджер, Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаменті