You are here

"Чехия феномені" Қазақстан ЖОО басқарудағы реформаларға қалайша септігін тигізбек?

Printer-friendly versionPDF version

Қазақстанның жоғарғы мектебі, №4, 2015. 67-69б.

Соңғы жылдары жоғары білім берудің әлемдік картасында жаңа ойыншылар пайда болды. Әлемдік рейтингтерде байқалмаған мемлекеттер мен жекелеген университеттер қысқа мерзім ішінде екпінді әрі сапалы қайта құруды жасап, танылған көшбасшылармен қатар басым орталыққа айнала білді. Жаңа атақтылар қатарынан-Сингапур Ұлттық университеті, Гонконг Ғылым және технологиялар институты, АҚШ-тағы Олин колледжін табуға болады. Жетекші әлем сарапшылары бүгінде осы тізімге Назарбаев Университетін де қосады.

Мойындалған білім беру державаларымен бір қатарға тұрған мемлекеттердің бірі-Чехия. Мұнда жоғарғы оқу орнының толықтай қайта жүктелуі жүргізілді. Білім және ғылымды басым мемлекеттік қаржыландыру саясаты қабылданды, жоғарғы оқу орындарын басқару реформаланды. Аздап саннан келтірсек. Чехияда білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығын мемлекеттік ЖІӨ қатысты ҚР салыстырғанда 3 есеге артық. Халық басына шаққанда ЖІӨ қатысты 1 студентке жұмсалатын шығындар Қазақстанның көрсеткіштерінен 7,5 есеге артық [1] .

1989 жылы жоғары білім туралы Заңды қабылдаған соң Чехия ЖОО-дағы стратегиялық шешімдер Қамқоршылық кеңестерімен қабылданатын болды. Мелекеттік ЖОО өзінің ғимараттарын жменшікке алды. Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайлар жасалды. Министрлік өзінің өкілеттіктерін қаржыландыру және аккредиттеу арқылы жоғарғы оқу орындары жүйесі дамуының жалпы бағыттарын анықтаумен шектеген. Университеттер мемлекетте ұйымдастырушылық және идеологиялық дербестілікке ие болды [2]. Екпінді реформалардың жетістігі, әрине, соғысқа дейінгі жоғары білім беру деңгейінің жоғары болуымен анықталатыны сөзсіз. Прагадағы Карлов университеті Еуропадағы ең көне университет болып табылады және Шанхай рейтингісінің топ-300 кіреді. 

Чехияға жоғары білім берудегі беделін қайтару едәуір тез болды. Қазір Чехия-жыл сайын 40 мың шетел студенттері алуға тырысатын білім берудегі танымал халықаралық бренд [3]. Бұл 15 жыл бұрын болған көрсеткіштерден 9 есеге артық. Оған себептердің бірі-кез келген қалайтын адамға чех тілінде бағдарлама бойынша тегін оқудың ұсынылуы. Сондай-ақ, университеттер үздік студенттер үшін ағылшын тіліндегі қызықты білім беру бағдарламаларымен және талантты профессорларымен тартымды.

Чехияның жоғары білімі-бұрынғы социалистік мемлекеттер арасындағы үздік және даму деңгейі бойынша танымал гранд-Оңтүстік Кореямен бәсекелеседі. Universitas21 (U21) жоғары білім беру жүйесінің рейтингісінде Чехия Республикасы бұрынғы 11 социалистік мемлекеттің ішінде ең жоғары 23-орынды алады [4].

U21 рейтингі жүйелерді жоғары білімге салынған ресурстар, ғылыми басылымдар түріндегі нәтижелілік және түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, халықаралық ынтымақтастық және жоғары оқу секторын мемлекеттік басқару сапасы бойынша бағалайды.

Қазақстан бейресми рейтингте 2014 жылы жоғары білім және ғылымды қаржыландыру, олардың халықаралық бәсекелестікке қабілеті, жүйені басқарудың нормативтік қоры бойынша көрсеткіштері үшін 51 орынның ішінде тек 47-орынды ғана иеленді.

ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығымен жүргізілген зерттеу біздің мемлекетке жоғарғы оқу орындардың дербетілігін кеңейту бойынша әлі үлкен әрі ұзақ жұмыс қажет екендігін көрсетті (1-суретті қараңыз)  Суретте Қазақстан жоғары оқу орындарының ғылыми, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық салалардағы дербестілігі деңгейінің диагностикалық бағалануының кейбір нәтижелері келтірілген. Диагностика біздің жобалық топпен Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA - European University Association) 29 индикаторының есептік шкаласы негізінде жүргізілді. Қазақстанның 9 басты индикатор бойынша көрсеткіштері келтірілген. Дербестіліктің ең жоғары көрсеткіші ретінде 100% тең көрсеткіш алынды. Әр индикатордағы көрсеткіштер санына байланысты олардың мәні пайызбен есептелді.

Зерттеу аясында қазақстандық ЖОО-нда өткізілген сұрау нәтижелері бойынша жоғары оқу мекемелерінің реформаларға дайын еместігінің жүйелі сұрақтары анықталды. Оқытушылар мен қызметкерлерде жоғары оқу мекемелерін басқарудың икемді нысанына кәсіби дайындығы дәрежесінің төмендігін көрсетті. Сұралғандардың 41% әлемдегі университеттерді орталықсыздандыра басқару тәжірибесімен таныс емес. Сұхбаткерлердің 52% өзіндік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге дайын емес. 

Қаржылық дербестілікті енгізуге енжарлық кедергі болады. Ғылыми ортада мемлекеттік ресурстарды бөлуге талпыну басым. Оны сұралғандардың 93,2% көрсетті. Барлық оқытушылар мен қызметкерлер дерлік (бұл сұхбаткерлердің 99,8% ) стратегиялық бастаманы көрсетуге және көрсететін ғылыми қызметтерді кеңейтуге дайын емес.  Қоғамдық басқарудың қолданыстағы институттары әзірше қағаз жүзінде жұмыс істейді. Сұралған ұлттық ЖОО қызметкерлерінің 30% дерлік Қадағалау кеңестерінің бары туралы білмеген.

Сондықтан да жақын болашақта кеңестер мүшелерінің, оқытушылардың және қызметкерлердің кәсіби даярлауын жалғастыру қажет.

Мемлекеттік ЖОО басшыларында дербестілікті кеңейтетін жағдайларда жұмыс істеу үшін жаңа дағдыларды қалыптастыру қажет.

Жоғары білім сапасына оның "жасы" ықпал ететіні белгілі. Егер чех және өзге жүйелер жасы 700 жастан артық болса, қазақстандық жүйелер-бар болғаны 80 жастан енді асып жатыр.  

Чехия кейсі салыстыра тексерілген білім беру саясатының ұтымды екендігін көрсетеді. Басқа бұрынғы социалистік мемлекеттердің бірнешеуі-Словения, Венгрия. Польша-ұқсас тетіктерді қолданады, бірақ жетістігі төмендеу. Дегенмен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің келтірілген бейінінде жоғары білім мен экономика дамуының жоғары деңгейінің өзара қатыстылығы анық (2-суретті қараңыз). Суретте U21 рейтингіне кірген бұрынғы 11 социалистік мемлекеттердегі халық басына шаққандағы ЖІӨ бойынша деректерден басқа, олардың Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігі индексіндегі және Адами даму индексіндегі орындары көрсетілген. Сонымен қатар жоғары білім беруді қаржыландырудың, үшіншілік біліммен қамтылудың басты көрсеткіштері белгіленген [5]. Берілген тізімдегі 5 мемлекет ЭЫДҰ жоғары дамыған мемлекеттердің (Венгрия, Словакия, Словения, Чехия, Польша) "клубына" кіреді.

Осы мемлекеттердің мәнмәтіні қазақстандық сарапшылардың назарына әлі ілікпеді және Қазақстанда жоғары дамыған мемлекеттерге бағдарлану есебінен реформаларды жүргізгенде ескерілмейді. Қазақстанда ағылшын-саксон мемлекеттерінің тәжірибесін пайдаланып, жоғары білім беру жүйесін жаңарту тарихтағы, экономикалық және қоғамдық дамудағы айырмашылықтар салдарынан ақталмайтын сияқты.

Өз кезегінде, Орталық/Шығыс Еуропалық өңір соңғы 25 жыл бойы университеттік сектордағы алуан түрлі инновациялардың конгломераты іспеттес. Бұл тәжірибелер "түсінікті" жағдайларда қолданудан өткен және тіпті өзінің нәтижелілігін не растап, не болмаса теріске шығарып та үлгерді.

Мәселен, Словенияда ЖОО уәжді студенттерді іріктеу үшін дербес қабылдау құқығы берілген [6]. Сербияда Этика кодексін сақтау аккредиттеу талаптарына қамтылған. Докторантурада оқу үшін және оның мойындалуын арттыру үшін мұнда бұрын социалистік Югославияға кіретін мемлекеттермен бірлестіктер құрылады [7]. Польшада жеке меншік секторы 2025 жылға таман студенттер контингентінің күрт төмендеуінен тіршілік ету мәселесі туындауда [8]. Мемлекеттік деңгейде тетіктерді әзірлеу күтіледі.

Сәтсіз мысалдар да жоқ емес. Словенияда ғылыми қауымдастықтың студенттердің қатысуымен ректорлар мен декандарды сайлау бойынша реформасы ЖОО-дағы атқарушылық билікті әлсіретті [6].  

Бенчмаркинг бұрынғы социалистік мемлекеттердің тәжірибесі негізінде ЭЫДҰ стандарттарына жету үшін Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдірудің тиімді құралы болуы мүмкін. Саяси және қоғамдық белгілері Қазақстанмен ұқсас бұрынғы социалистік мемлекеттердің тәжірибесін ескеріп, Қазақстанда жоғары білім беру сапасын жақсартудың "жұмыс істейтін" тәсілдерін әзірлеуге болады.   


Дереккөздер:

1. Worldbank. Data.  http://data.worldbank.org/indicator/SE.XPD.TERT.PC.ZS;

2. Ян Словак. ҰДИ және жоғары білім-мемлекеттік басқаруға қатысты сұрақтар. http://www.fa.ru/faculty/mis/research/pages/ii_conf.aspx;  

3. UNESCO. Statistics. http://data.uis.unesco.org/Index.aspx?queryid=182;

4. Universitas21.U21 Ranking of National Higher Education Systems  http://universitas21.com/article/projects/details/152/u21-ranking-of-national-higher-education-systems;

5. Universitas21.U21 Ranking of National Higher Education Systems  http://universitas21.com/article/projects/details/152/u21-ranking-of-national-higher-education-systems; UNESCO. Statistics. Education. http://data.uis.unesco.org/Index.aspx?queryid=181; World bank. Data. http://data.worldbank.org/indicator/SE.XPD.TERT.PC.ZS?page=1; http://data.worldbank.org/indicator/SE.XPD.TOTL.GD.ZS;   World Economic Forum. The Global Competitiveness Report 2014-2015 http://www.weforum.org/reports/global-competitiveness-report-2014-2015; UNDP. Адамның дамуы туралы баяндама 2014.  http://hdr.undp.org/sites/default/files/hdr14_a_full_rus_21-01-15_0.pdf;

6.   Филип Г. Альтбах. Әлемдік класты университетті құрғандағы сын-тегеуріндер Словения сабақтары.  Халықаралық жоғары білім. http://www.ihe.nkaoko.kz/archive/284/2487/;

7. Стаменка Увалич-Трумбич. Сербия: жоғары білім берудің жаңа стратегиясы. Халықаралық жоғары білім. http://www.ihe.nkaoko.kz/archive/284/2488/;

8. Джоанна Мазиэл Садилек. Польшаның жеке меншік ЖОО: демографиялық құлдырау алдында.  Халықаралық жоғары білім. http://www.ihe.nkaoko.kz/archive/330/2661/.