You are here

Қазақстанда алғаш рет 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалайды

Printer-friendly versionPDF version

Жоба: 

"Білімді ел - Образованная страна" №15 (52), 16.08.2016ж.

IT (ақпараттық-технологиялық) құзыреттілігі бүгінгі күні кез келген саланың маманына қажет. Алайда, кеңінен танылған IT-дағдыларының маңыздылығына қарамастан, олардың дамуына мектептік білім қалай ықпал ететіндігі туралы түсінік жоқ.

Оқушылардың АКТ-құзыреттері ХХI ғасырда тұлғаның табысқа қол жеткізу үшін ЭЫДҰ-мен базалық дағды ретінде тағайындалған. Сандық технологияларды енгізу адамнан тек түрлі бағдарламалық қосымшалармен жұмыс істеу дағдыларын ғана емес, сонымен қатар ақпаратты пайдаланудың белгілі бір мәдениет деңгейін талап етеді.

Қазақстанда оқушылардың IT-дағдылары ешқашан ұлттық және халықаралық деңгейде бағаланған. Сондықтан, қазақстандық оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығының қалыптасу деңгейі туралы түсінік жоқ.

Осындай бірегей мүмкіндікті Оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі Халықаралық Қауымдастық IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) ұсынып отыр.

ICILS (International Computer and Information Literacy Study) зерттеуі әр бес жыл сайын жүргізіледі. ICILS жобасы оқушылардың IT-құзыреттері деңгейін бағалай ғана қоймай, олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтайды.

Оқушылардың IT-құзыреттері төрт деңгей бойынша бағаланады.  Халықаралық шкала бойынша ілгері деңгей 661 балл (сандық араласу, ақпаратты тарату, сенімді және қауіпсіз пайдалану). Жоғары деңгей 557 балға сәйкес (ақпаратты түрлендіру және оны шығару), орташа – 492 балл (ақпаратты жинау, алу, бағалау және басқару) және төменгі - 407 балл және одан төмен (ДК қолдану білу).

ICILS зерттеуінің технологиясы стандартталған

Алдымен, қатысушыларды халықаралық және ұлттық іріктеу жүзеге асырылады. Мемлекет елдің әкімшілік бөлінуіне сәйкес көлемі үлкен келетін страталарға бөлінеді. Ықтималды-үйлесімді әдіс арқылы әр елден 150-ден кем емес мектеп іріктеліп алынады.

ICILS тесті толық автоматтандырылған және басқа елдің  оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалауға бірегей құрал болып табылады. Тестілеумен қатар оқушыларға, директорларға, мұғалімдерге және мектептің IT-үйлестірушілеріне сауалнама жүргізіледі.

ICILS тест тапсырмаларының және сауалнаманың құрылымы

ICILS тест тапсырмалары жабық жүйе қағидасы бойынша құрастырылған. Қатысушы басқа ресурстарға қол жеткізуге мүмкіншіліктері жоқ болса да, арнайы құрылған ақпараттық ортада ақпаратты іздеуді, өңдеуді және жіберуді жүзеге асырады.  Бағдарлама әрбір қатысушыға бес тесттік модульдерден тек екеуін орындауды ұсынады.

Тапсырмалар екі типке бөлінген. Біріншісі – жауапты таңдайтын күрделі емес тапсырмаларды орындауды көздейді. Екінші типтің тапсырмаларын орындау барысында қатысушы жарнамалық постерлерді, буклеттерді, слайдттарды және бейне-презентицияларды, мәтіндерді өңдеу арқылы бағдарламалық қосымшаларды пайдалану дағдыларын көрсетуі тиіс. Тест 30 минут ішінде қатаң түрде белгілі бір ретпен орындалады (сызықтық құрылым).

Зерттеудің анықтамалық ақпараты

20 минуттық оқушыға арналған сауалнама тестілеуден кейін электронды түрде ұсынылады. Ол жеке мәліметтерді қамтитын (жасы және жынысы, жоспарлап отырған білім деңгейі, жанұяның білім ресурстары, жанұяда сөйлеу тілі және т.б.) 26 сұрақтан тұрады. Сонымен қатар, мектепте және мектептен тыс және компьютерлік технологияларды қолдануға, оның қатынастарды иелену мәселелері қарастырылады.

Мұғалім сауалнамасы  онлайн режимінде өтеді (30 минут). Зерттелетін сыныптың мұғалімдері педагогикалық қызметтерінде  IT-технологияларын пайдалану және компьютерлік сауаттылығын өзіндік бағалау туралы 16 сұраққа жауап береді. Сауалнама көмегімен мектептегі оқыту процесінің сипаттамасы анықталады.

Мектеп директорына арналған сауалнама (20 минут) 16 сұрақтардан тұрады және мұғалімдер мен оқушылардың сандық және сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Оқу процесінде және мұғалімдердің кәсіби дамуында IT-дағдыдарын қолдану мәселелерін ашады.

Мектептің IT-үйлестірушілеріне арналған онлайн сауалнамасы 13 сұрақты құрайды және компьютерлік инфрақұрылымды, оқыту процесінде қолдануда мұғалімдерге көрсетілетін техникалық және педагогикалық қолдау туралы сұрақтарды қамтиды.

Өткен кезеңнің нәтижесі қандай?

2013 жылы өткен ICILS зерттеуінің бірінші кезеңіне 21 ел қатысқан. Чехия, Канада (Онтарио), Австралия және Дания көшбасшы тобына кірді. Ең төмен нәтиже көрсеткен Тайланд және Түркия елінің оқушылары болды.

Оқушылардың тек 2%-ы ғана компьютерлік және ақпараттық сауаттылығының ең жоғарғы деңгейін көрсетті. Ең жоғарғы көрсеткішті Оңтүстік Корей оқушылары иеленді. Барлық зерттеуге қатысушылардың IT-сауаттылықтың ең төменгі деңгейін көрсетті.

Мегаполистер оқушыларының 34%-ы (1 млн-нан астам халқы бар қала) компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың 3-ші және 4-ші деңгейлерін көрсетті, бұл ауыл оқушылары жетістігінен үш есе артық (9%).

Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың бірінші деңгейіне ауыл оқушыларының 19%-ы қол жеткізбеді, мегаполисте – барлығы 3%. Осы нәтиже цифрлық теңсіздікті азайту үшін арнайы бағдарламалар қажеттігін тағы да растайды.

ICILS-2013 зерттеуінде қатысушылардың АКТ саласындағы жетістіктеріне ықпал ететін, түрлі факторлар қарастырылды. Оқушылар IT-құзыреттерді мектепте және мектептен тыс түрлі іс-әрекеттер арқылы иеленеді.

ICILS-2013 қатысушыларын орташа алғанда 36%-ы компьютерді 7 жылдан астам пайдаланады. Германиядан басқа, барлық елдерде тестті табысты орындау компьютерді қолдану тәжірибесі статистикалық маңызды оң әсер болды.

Орта есеппен, компьютерді бір жыл пайдалану тест нәтижелерінің 9 балға жақсартуға сәйкес келетіндігін дәлелдеді. Оқушылар АКТ-ны мектепке қарағанда үйде көбірек пайдаланатыны анықталды. Оқушылардың 87%-ы кем дегенде аптасына бір рет үйде компьютерді пайдаланатынын және тек 54%-ы бірдей жиілікте компьютерді мектепте пайдаланатынын көрсетті.

Компьютерді оқу мақсатында ең жиі қолданған Ресей, Австралия және Таиланд оқушылары болды. Бұл елдерде орташа көрсеткіш мәні үш немесе одан көп балға ICILS-2013 зерттеуі бойынша орташадан жоғары (50 балл).

Мектепте компьютерлердің болуы компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты қалыптастырмайтындығы анықталды. Зерттеу компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты оқытудың белсенді элементтері, зерттеу және жобалау қызметтері қалыптастыратынын дәлелдеді.

Көптеген елдерде компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейіне оқушылардың үйдегі АКТ ресурстарының қол жетімділігі оң әсер етті. Үйде компьютерлер саны көп оқушылар АКТ-дағдылар шкаласы бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Мұғалімдер оқу процесінде АКТ-ны өздерінің IT-дағдыларына сенімді болған кезде ғана пайдаланады. Мұғалімдердің тек тең жартысы өздерін сенімді АКТ қолданушылар ретінде санайды.

Біз зерттеуден не күтеміз?

ICILS ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кең таралуын сипаттайтын, қазіргі қоғамдағы қатерлерге жауап болып табылады.

2018 жылғы зерттеуге әлемнің 30 елінен 120 мыңнан астам сегізінші сынып оқушылары қатысады. ICILS-2018 халықаралық зерттеуіне Қазақстанның барлық аймағынан 150 мектебінен үш мыңнан астам  сегізінші сынып оқушылары алғаш рет қатысады. 2017 жылы апробациялық зерттеу 5 аймақтың 32 мектебінен 1000-ға жуық оқушылардың қатысуымен өтеді. 

ICILS халықаралық тесті 8-сынып оқушылардың басқа елдегі олардың құрдастарымен салыстырғандағы IT-құзыреттері деңгейін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қауымдастық электрондық оқытудың үздік технологияларына қол жеткізе алады. Оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу ұсыныстары әзірленетін болады. Бұл IT-білімнің белсенді дамуына ықпал етіп, халықтың ақпараттық сауаттылық деңгейі бойынша мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін болады!


Дереккөздер:

  1. IEA халықаралық есебі «Сандық ғасырдағы өмірге дайындау: ICILS  компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеу», (2014)
  2.  2015 жылғы 1 қыркүйектегі №35 «Ұстаздар газеті».
Менеджер, Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті